https://sputnik.kz/20220902/audandar-oblys-akimder-saylauy-27219191.html
2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді
2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін аудан әкімдерінің сайлауын 2024 жылдан бастап өткізу жоспарланған еді 02.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-02T12:13+0500
2022-09-02T12:13+0500
2022-09-02T12:13+0500
аудан әкімі
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_0:42:3495:2008_1920x0_80_0_0_e9f563984f89e679a087df6c9d7d23eb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстанда пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасында айтылған. Заң жобасы әкімдерді тағайындау және сайлау тәртібін өзгертуді көздейді. Вице-министр Алма Мұқанованың айтуынша, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері президенттің баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы тағайындалады. Сонымен қатар, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес 2021 жылы жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізілуде. Осылайша, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланатын немесе тағайындалатын болады. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдерінің сайлауы 2024 жылдан бастап өткізілетінін мәлімдеген еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_382:0:3113:2048_1920x0_80_0_0_9d37b1092174ac17ea3283aef3e4ad22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аудан әкімі, сайлау
2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді
Бұған дейін аудан әкімдерінің сайлауын 2024 жылдан бастап өткізу жоспарланған еді
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстанда пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасында айтылған. Заң жобасы әкімдерді тағайындау және сайлау тәртібін өзгертуді көздейді.
Вице-министр Алма Мұқанованың айтуынша, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері президенттің баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы тағайындалады.
Сонымен қатар, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес 2021 жылы жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізілуде.
"Мәселен, өткен жылы ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі. Осыған байланысты, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерін сайлауға байланысты нормаларды енгізу ұсынылады", - деді Мұқанова мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында.
Осылайша, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланатын немесе тағайындалатын болады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдерінің сайлауы 2024 жылдан бастап өткізілетінін мәлімдеген еді.