Жаңа мектептер жемқорлардың заңсыз тапқан ақшасына салынады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Компьютерный класс в школе
Компьютерный класс в школе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
Сондай-ақ президент мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы мектеп құрылысына жұмсалады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент мектеп салу үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек екенін атап өтті.
"Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек", - деді Тоқаев халыққа Жолдауында.
Ол әрбір оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынғанын еске салды.
"Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады", - деп жалғастырды мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды екенін айтты.
"Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын", - деді Тоқаев.
Ол мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеуді тапсырды.
Жаңалықтар
0