https://sputnik.kz/20220901/toqaev-qazaqy-tazy-tobet-27181420.html
Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтауға қатысты тапсырма берді
Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтауға қатысты тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің іс басқармасына қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмысын қолға алуды... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T10:04+0500
2022-09-01T10:04+0500
2022-09-01T10:04+0500
қоғам
ит
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/182/94/1829453_0:62:1201:737_1920x0_80_0_0_213bc2f9449bdef5240ebf9c682e2d59.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің іс басқармасына қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, енді осы мәселені президенттің іс басқармасы бақылайды. Осыған орай, президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жиын өткізді. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде тазы мен төбет тұқымының тазалығын сақтау ісі сын көтермейді. Жұмыс жүйелі жүргізілмейді. Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақтарында қаны таза төбет пен тазы генофондын ғылыми зерттеуді қаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастырады. Сондай-ақ, осы жеті қазынаның бірін сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормаларды әзірлейді. Бұдан бөлек, Қазақстанды Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан ел ретінде көрсету мәселесін де шешу керек. Президент нұсқауы бойынша осы жұмысқа сыртқы істер министрлігі атсалысады. Ал мәдениет және спорт министрлігі жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық байлығымызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға міндетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/182/94/1829453_68:0:1131:797_1920x0_80_0_0_9d3eb6cc40bd744d81f7e1cda2da131e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтауға қатысты тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің іс басқармасына қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, енді осы мәселені президенттің іс басқармасы бақылайды. Осыған орай, президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жиын өткізді. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде тазы мен төбет тұқымының тазалығын сақтау ісі сын көтермейді. Жұмыс жүйелі жүргізілмейді.
"Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр кеңсесі, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, ғылым және жоғары білім министрлігі, президенттің іс басқармасы жанындағы парламентаризм институты, сондай-ақ, "Қансонар" республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды", - делінген ресми хабарламада.
Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақтарында қаны таза төбет пен тазы генофондын ғылыми зерттеуді қаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастырады. Сондай-ақ, осы жеті қазынаның бірін сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормаларды әзірлейді.
Бұдан бөлек, Қазақстанды Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан ел ретінде көрсету мәселесін де шешу керек. Президент нұсқауы бойынша осы жұмысқа сыртқы істер министрлігі атсалысады. Ал мәдениет және спорт министрлігі жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық байлығымызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға міндетті.