Тоқаев пен Путин стратегиялық әріптестік одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін "Орталық Азия – Ресей" мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.
Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.
Владимир Путин и Касым-Жомарт Токаев встретились в Сочи - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Саясат
Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты пессимистік болжам жасауға негіз жоқ – Тоқаев
Жаңалықтар
0