Қоғам

Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

© Photo : nikolabelopitovфото
фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz
“Қару” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алмалы ауданындағы Сайран көлінің маңынан бұталардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды.
Олар - 12 калибрлі, екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, ПМ газ тапаншасы, сонымен қатар оқтар.
Алдын ала мәлімет бойынша табылған қарулар биылғы жылдың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған. Оның нақты кімдікі екендігі сараптамадан кейін анықталатын болады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтар
0