Оқиға

Құдыққа түскен үш жұмысшы уланды – біреуі оқиға орнында мерт болды

© Sputnik / Владислав Водневжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Петропавл қаласында су құдықтарын тазалап жүрген үш жұмысшы будан уланып қалды. Біреуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 31 тамызда қалалық полиция басқармасына Жамбыл көшесінің бойында орналасқан құрылыс нысанында ес-түссіз жатқан үш адам туралы хабар түскен.
Оқиға орнына бірден тергеу тобы аттанды. Жедел жәрдем де шақырылды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, су құбырлары өтетін құдықты тазалау кезінде 1994, 2002 және 2004 жылы туған үш жұмысшы уланып қалды. Олардың біреу – 20 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болды. Екеуі қаланың медициналық ұйымдарына жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, жұмыстарды атқару кезінде өндірісітік қауіпсіздікті сақтау бойынша мердігер компаниялардың жауапкершілігі де зерделенеді.
Айта кетері, 156-бапта абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруы мүмкін.
Жаңалықтар
0