https://sputnik.kz/20220901/qostanay-oblysynyn-politseyleri-asa-auyr-qylmysty-ashty-27205876.html
Қостанай облысының полицейлері аса ауыр қылмысты ашты
Қостанай облысының полицейлері аса ауыр қылмысты ашты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T20:53+0500
2022-09-01T20:53+0500
2022-09-01T20:53+0500
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/598/68/5986804_0:0:1935:1088_1920x0_80_0_0_6b8df65ad25b86b4b1aa68c1ccf57d83.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлады Polisia.kz.Қостанай қаласындағы үйдің кіреберісінен көпқабатты үйдің тұрғыны әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлады. Ол бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған.Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылғанын атап өтті.Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды.75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайтып келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен.Ерлан Омарбеков күдіктінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын атап өтті. Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986804_0:0:1833:1375_1920x0_80_0_0_8450a9ecd4494085cc0be3a80ec60c99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлады
Polisia.kz. Қостанай қаласындағы үйдің кіреберісінен көпқабатты үйдің тұрғыны әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлады. Ол бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған.
Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылғанын атап өтті.
Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды.
75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайтып келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен.
Ерлан Омарбеков күдіктінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын атап өтті. Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.