"Заң жағынан мінсізбін": Қосанов президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді

© Photo : Әміржан Қосановтың жеке архивіндегі сурет Әміржан Қосанов
Әміржан Қосанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке үміткер ретінде тіркелуге дайын екенін мәлімдеді.
"Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой", - деп жазды Қосанов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда саясаткер 2019 жылы барлық ресми процедурадан өтіп, президенттікке үміткер ретінде тіркелгенін еске салды.
"Иә, Әблязов, Қажыгелдин, басқа да ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін", - дейді Қосанов.
Айта кетері, 2019 жылғы президенттік сайлауға Қосанов сайлаушылардың 16,23 процент дауысына ие болған. Бұл Тоқаевтан кейінгі екінші нәтиже еді. Сол кезде Қосанов үшін 1 495 401 адам дауыс берген.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Оны биыл күзде ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Ал келесі жылы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
Жаңалықтар
0