Қоғам

Президент үкіметке: дәл осылай жалғаса берсе, кадрлық шешім қабылдауға тура келеді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Нур-Султане
Здание правительства РК в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент үкіметтің жұмысын қайта-қайта олқылықтар болып жатқанын ашық айтты.
"Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді", - деп ескертті Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына Жолдауын жариялай отырып.
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін еске салды.
"Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс", - деді президент.
Жаңалықтар
0