https://sputnik.kz/20220901/nur-sultanda-yaltynsarin-atyndagy-binom-mektebi-ashyldy-27194892.html
Нұр-Сұлтанда Ы.Алтынсарин атындағы Binom мектебі ашылды
Нұр-Сұлтанда Ы.Алтынсарин атындағы Binom мектебі ашылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Binom-ның бесінші мектеп-лицейі есігін айқара ашты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T14:33+0500
2022-09-01T14:33+0500
2022-09-01T19:24+0500
мектеп
елорда
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27194390_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a222367950c93a8bf9441aef181d7b2d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Binom-ның бесінші мектеп-лицейі есігін айқара ашты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Жаңа мектепке қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев және 1Білім болашағы1 коммерциялық емес ұйымының өкілдері қатысты.Енді Binom оқу орындарына білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың есімдері беріледі.Аталмыш мектеп-лицейде екі тілде оқытылады, қабылдау Қазақстан білім министрлігінің үлгілік қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Жобалық қуаттылығы – екі ауысымда 4 мың оқушы орны.Заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, мектептің материалдық-техникалық базасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.Айта кетері, білім беру саласындағы МЖӘ пилоттық жобалары елордада өткен жылдан бастап жүзеге асырылуда. Инвесторлар әкімдікпен бірлесіп салған оқу орындары қала тұрғындары арасында белсенді сұранысқа ие.Binom мектептері желісінің білім беру процестерін басқаруды "Білім болашағы" коммерциялық емес ұйымы жүзеге асырады, оның басты мақсаты – Қазақстан балаларына қолжетімді және сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер беру.Нұр-Сұлтанда 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Елордада 2022 жылы тағы 11 мектеп салынады, осылайша 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады.Сонымен қатар елордада мектеп салу үшін 72 жер учаскесі белгіленді. Жалпы алаңы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді.Бұл жер учаскелері әлеуметтік нысандарға қажеттілікті ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына) әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін арнайы бағыт бекітілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27194390_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_f3e923377d758ea0245816fd343cec9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, елорда
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Binom-ның бесінші мектеп-лицейі есігін айқара ашты, деп хабарлады қала әкімдігінің
ресми сайты.
Жаңа мектепке қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев және 1Білім болашағы1 коммерциялық емес ұйымының өкілдері қатысты.
Енді Binom оқу орындарына білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың есімдері беріледі.
Аталмыш мектеп-лицейде екі тілде оқытылады, қабылдау Қазақстан білім министрлігінің үлгілік қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Жобалық қуаттылығы – екі ауысымда 4 мың оқушы орны.
Заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, мектептің материалдық-техникалық базасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Айта кетері, білім беру саласындағы МЖӘ пилоттық жобалары елордада өткен жылдан бастап жүзеге асырылуда. Инвесторлар әкімдікпен бірлесіп салған оқу орындары қала тұрғындары арасында белсенді сұранысқа ие.
Binom мектептері желісінің білім беру процестерін басқаруды "Білім болашағы" коммерциялық емес ұйымы жүзеге асырады, оның басты мақсаты – Қазақстан балаларына қолжетімді және сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер беру.
Нұр-Сұлтанда 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Елордада 2022 жылы тағы 11 мектеп салынады, осылайша 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады.
Сонымен қатар елордада мектеп салу үшін 72 жер учаскесі белгіленді. Жалпы алаңы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді.
Бұл жер учаскелері әлеуметтік нысандарға қажеттілікті ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына) әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін арнайы бағыт бекітілді.