https://sputnik.kz/20220901/lrt-khalyqtyn-aqshasy-akimdik-27192816.html
LRT мемлекет қаржысына салынады – әкімдік соңғы шешім шығарды
LRT мемлекет қаржысына салынады – әкімдік соңғы шешім шығарды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі LRT-ны бюджет қаржысына салуға шешім қабылдады. Себебі бірде-бір инвестор жобаға өз ақшасын салуға... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T14:13+0500
2022-09-01T14:13+0500
2022-09-01T14:15+0500
астана lrt
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17472709_0:0:3317:1865_1920x0_80_0_0_e0d6c70bfa7fb1d5f87b76ce2fd2c1e6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі LRT-ны бюджет қаржысына салуға шешім қабылдады. Себебі бірде-бір инвестор жобаға өз ақшасын салуға келіспеді. Қала басшысы Алтай Көлгінов те жеңіл рельсті қоғамдық көлік жүйесінің құрылысы бюджет есебінен аяқталатынын растады. Осы орайда журналистер LRT-ға жыл сайын қанша қаражат қажет болатынын сұрады. Қала басшысының айтуынша, біраз ақша керек. "Алдын ала есепке сәйкес, жыл сайын қызмет көрсетуге 4 миллиард теңге керек болады. Жол жүру ақысына да субсидия бөлінеді. Ал бағасы автобус ақысынан сәл жоғары. Бұл тиімді жоба емес, дегенмен жол трафигін төмендетуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті әкім. Ал мердігер компания қаржы тұрақты түрде түсіп тұрса, LRT құрылысы екі жылда аяқталатынын айтты.
https://sputnik.kz/20220708/bi-group-lrt-bagandary-kolginov-26018552.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17472709_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_02e0a69510e7cde2b403a7a23a9ddca1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана lrt, әкімдік
LRT мемлекет қаржысына салынады – әкімдік соңғы шешім шығарды
14:13 01.09.2022 (жаңартылды: 14:15 01.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі LRT-ны бюджет қаржысына салуға шешім қабылдады. Себебі бірде-бір инвестор жобаға өз ақшасын салуға келіспеді. Қала басшысы Алтай Көлгінов те жеңіл рельсті қоғамдық көлік жүйесінің құрылысы бюджет есебінен аяқталатынын растады.
"20 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш бөлінген болатын. Бұдан бөлек, бізге тағы 577 миллион доллар керек. Құрылысты сол бұрынғы мердігер – қытай консорциумы аяқтайды. Біз алысқа кетіп қалдық, кері қайта алмаймыз. Сол себепті құрылысты аяқтаймыз", - деді Көлгінов мәжіліс кулуарында.
Осы орайда журналистер LRT-ға жыл сайын қанша қаражат қажет болатынын сұрады. Қала басшысының айтуынша, біраз ақша керек.
"Алдын ала есепке сәйкес, жыл сайын қызмет көрсетуге 4 миллиард теңге керек болады. Жол жүру ақысына да субсидия бөлінеді. Ал бағасы автобус ақысынан сәл жоғары. Бұл тиімді жоба емес, дегенмен жол трафигін төмендетуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті әкім.
Ал мердігер компания қаржы тұрақты түрде түсіп тұрса, LRT құрылысы екі жылда аяқталатынын айтты.