Халықтың 60%-тен астамы қалаларда тұрады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
Қазақстан халқының саны 2022 жылғы 1 тамыздағы санақты есепке алғанда 19 644 067 адамды құрады, бұл өткен 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 20%-ке немесе 3,2 миллион адамға көп
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны халықтың табиғи өсіміне, сондай-ақ республика аумағына келетін көші-қон ағынына тікелей тәуелді.
Санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі өсуді жалғастырып, 61,2%-ке дейін артқан, алдыңғы санақтың көрсеткішімен салыстырғанда өсім 5%-ті құрады. Сәйкесінше, ауыл тұрғындарының үлесі 43,9%-тен 38,8%-ке дейін төмендеді.
Қала тұрғындарының ең көп саны Қарағанды ​​облысында тұрады – 80% немесе 1 миллионнан астам адам. Керісінше, Түркістан облысында қала тұрғындары ең аз саны тіркелді. Мұнда небәрі 498 мың адам немесе тұрғындардың 24,3%-і қалалық жерде тұрады.
"Урбанизация – бұл экономиканы индустрияландыру және жұмыс күшінің неғұрлым өндірістік аймақтарға ығысуымен байланысты жаһандық тенденция. Әдетте, азаматтар білім алу, мамандығы бойынша жұмыс істеу және әл-ауқатын жақсарту үшін ауылдан қалаға қоныс аударады", – дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.
Оның айтуынша, санақаралық кезеңде қала тұрғындарының ең көп өсімі еліміздің алты өңірінде: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді.
Ведомствоның мәліметінше, елорда тұрғындарының саны екі есеге артқан. Алдыңғы санақтың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда 619 мың адам тұрса, 2021 жылғы халық санағы кезінде еліміздің бас қаласындағы халық саны 1,23 миллион адамды құрады.
Қазақстандағы әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым. Санақ қорытындысы бойынша нәзік жандар жарты миллионға көп – 536,3 мың адам. Проценттік сипатта айтар болсақ, ерлердің үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4% (9 861 175 адам). Осылайша Қазақстанда 100 әйелге 99 ер адамнан келеді.
Айта кетері, халық санағы 10 жылда бір рет өткізіліп, белгілі бір мерзімдегі халықтың түрлі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін бейнелейді.
Жаңалықтар
0