https://sputnik.kz/20220901/energodardagy-uqk-desanty-magate-missiyasy-zhane-reseylik-askerdin-is-qimyly-27286921.html
Энергодардағы УҚК десанты, МАГАТЭ миссиясы және ресейлік әскердің іс-қимылы
Энергодардағы УҚК десанты, МАГАТЭ миссиясы және ресейлік әскердің іс-қимылы
Sputnik Қазақстан
Украина Қарулы күштерінің Николаев облысындағы үлкен шығынымен бірге УҚР Бас барлау қызметі мамандарының сәтсіз әрекеті Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T22:36+0500
2022-09-01T22:36+0500
2022-09-05T12:37+0500
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_0:14:3033:1720_1920x0_80_0_0_7436365b6d03456100646a3bcd974c00.jpg
Украина Қарулы күштерінің Николаев облысындағы үлкен шығынымен бірге УҚР Бас барлау қызметі мамандарының сәтсіз әрекеті Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйды осының барлығына жауапты етуге әкелуі ықтимал, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Энергодар қаласының маңына түсірілген Украина Қарулы күштерінің өзен десанты МАГАТЭ делегациясының сапары қарсаңында Запорожье атом станциясын басып алуды немесе диверсиялық акт жасауды көздеген. Алайда бір күн бұрын Энергодарда украин диверсанттары қолға түскеннен бастап бұл жоспардың күл-талқаны шықты.Киев режимі Запорожье атом электр станциясында ірі апат ұйымдастыру әрекеттерін тоқтатпай тұр. 1 қыркүйекте таңғы сағат 6.20-да Украина Қарулы күштеріне қарасты жеті моторлы қайық мінген 60-қа жуық адам атом электр станциясынан солтүстік-шығысқа қарай үш километр жерде, Каховка су қоймасының жағалауына табан тіреді. Алайда Ресей әскері украин диверсанттарының барлығын дерлік армия авиациясын қолдану арқылы жойып, үшеуін тұтқынға алды.Бір мезгілде, яғни кеше таң уақытында АЭС-тен батысқа қарай алты километр жерде орналасқан Водяное ауылы аумағында Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері тағы екі украиналық арнайы жасақты қондыру әрекетінің алдын алды. Оқ ату нәтижесінде Украина Қарулы күштерінің Никополь қаласынан 280-ге жуық жауынгер мінген десанты бар өздігінен жүретін екі баржа суға батырылды."1 қыркүйектің таңындағы украиналық диверсиялық топтың залалсыздандырылуы және 31 тамызда үш камикадзе дрон арқылы атом электр станциясына шабуыл жасау әрекетін байланыстырса, Киев режимінің Энергодардағы арандатушылық әрекетіне дайындалғаны анық білінеді. Яғни, олар МАГАТЭ сарапшыларының Запорожье атом электр станциясындағы жұмысына кедергі келтіруді көздеді. Дегенмен, ресейлік тарап бұрынғысынша Запорожье атом электр станциясын бақылауда ұстап, Энергодардағы МАГАТЭ миссиясы жұмысының қауіпсіздігіне кепілдік береді", - деп жазды Хроленко.Украинаның телеграм-арналары Запорожье атом электр станциясын басып алу операциясын Украина бас штабы британдық барлаумен бірге дайындаған деген болжам таратты. Киевтегілер операцияның сәтсіздігіне сатқындық, ақпараттың таралуы себеп деп санайды. Бірақ Каховка су қоймасының тегіс бетінде, күн шыққанда шақта атом электр станциясы аймағында пайда болған моторлы қайықтар мен екі күдікті баржаларды байқамау қиын. Украина Қарулы күштерінің Николаев облысындағы үлкен шығынымен бірге УҚР Бас барлау басқармасы мамандарының 1 қыркүйекте Энергодардағы сәтсіз әрекеті бір жауапты тұлғаны кінәлі деп тануды қажет етеді. Қазір Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйға барлық жауапкершілік жүктелуінің ықтималдылығы жоғары.Украина МАГАТЭ делегациясының мүддесі аясында оқ атуды тоқтату режимі туралы келісімін алдын ала бұзды. Себебі, Киев режимі Запорожье АЭС аумағында Еуропадағы ең ірі ядролық нысан аумағындағы украин артиллериясының қауіпті әрекеті туралы айта алатын шетелдік мамандар мен журналистердің болуын қалап отырған жоқ.Бұрын мұнда Украинадағы электр қуатының 21 проценттен астамы өндірілетін, бүгінгі бағамен бұл айына шамамен 1 миллиард долларды құрайды. Хроленконың пікірінше, Энергодардан шынайы ақпараттың жария болуына Вашингтон да мүдделі емес. Себебі, Украина Қарулы күштерінің қорғаныс және шабуыл операцияларының жоспарын түптеп келгенде Пентагонда әзірленіп жатыр.CNN телеарнасы америкалық, батыстық және украиналық ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ Украинаға шабуыл операцияларын жоспарлауға көмектесіп жатқанын хабарлады."Олар мұндай операциялардың жоспарын әзірлеуде өздерін мінсіз қабілетті деп санайтын көрінеді. Алайда АҚШ пен НАТО соңғы 75 жылда бірде-бір соғыста жеңіске жеткен жоқ. Пентагон сарбаздары жоғары технологиялық жауы жоқ соғыстарға бейімделген. Сондықтан, америкалық кеңесшілер мен мамандар Украина армиясына мардымды біреңе үйретуі екіталай", - дейді әскери шолушы Александр Хроленко.Украина Қарулы күштерінің Энергодардағы десанттық (диверсиялық) операциясы бастапқыда-ақ сәтсіз аяқталатыны белгілі еді. Тактикалық тұстарына тоқталмай-ақ, ең мықты даярлықтан өткен арнайы жасақ сарбаздары өзімен бірге көп оқ-дәрі алып жүра алмайтынын ескеру керек. Ал Запорожье АЭС - бұл ерекше қорғалатын нысан. Ұлттық ұлан украиналық диверсанттармен кездесуге тәулік бойы дайын тұр. Жақын жерде броньдалған техника бар армия бөлімшелері мен Ресей Қарулы күштерінің соққы жасайтын ұшақтары орналасқан.Жалпы бұған дейін бүкіл әлем британдық әскери кеңесшілер жетекшілік еткен Украина Қарулы күштері Бас барлау басқармасының Змеиный аралына сәтсіз шабуыл әрекетінің куәсі болды. Бұл кезде екі рет жасалған ресейлік соққы жүзден астам украин сарбазы мен ондаған әскери техниканың қиратылуына әкелді.Екінші жағынан, арнайы операция кезінде ресейлік әскер Донбасс аумағын арандатушылардан тазартып, бүкіл Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов бөлігін сенімді түрде бақылауға алды. Азат етілген аймақтарда жаңа әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Жергілікті халық Ресей азаматтығын, материалдық көмек алып, референдум арқылы Ресей Федерациясына оралуға ниетті болып отыр.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_a7760cfa92ddcb2c0d7a2bbc9f449438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украина Қарулы күштерінің Николаев облысындағы үлкен шығынымен бірге УҚР Бас барлау қызметі мамандарының сәтсіз әрекеті Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйды осының барлығына жауапты етуге әкелуі ықтимал, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Энергодар қаласының маңына түсірілген Украина Қарулы күштерінің өзен десанты МАГАТЭ делегациясының сапары қарсаңында Запорожье атом станциясын басып алуды немесе диверсиялық акт жасауды көздеген. Алайда бір күн бұрын Энергодарда украин диверсанттары қолға түскеннен бастап бұл жоспардың күл-талқаны шықты.
Киев режимі Запорожье атом электр станциясында ірі апат ұйымдастыру әрекеттерін тоқтатпай тұр. 1 қыркүйекте таңғы сағат 6.20-да Украина Қарулы күштеріне қарасты жеті моторлы қайық мінген 60-қа жуық адам атом электр станциясынан солтүстік-шығысқа қарай үш километр жерде, Каховка су қоймасының жағалауына табан тіреді. Алайда Ресей әскері украин диверсанттарының барлығын дерлік армия авиациясын қолдану арқылы жойып, үшеуін тұтқынға алды.
Бір мезгілде, яғни кеше таң уақытында АЭС-тен батысқа қарай алты километр жерде орналасқан Водяное ауылы аумағында Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері тағы екі украиналық арнайы жасақты қондыру әрекетінің алдын алды. Оқ ату нәтижесінде Украина Қарулы күштерінің Никополь қаласынан 280-ге жуық жауынгер мінген десанты бар өздігінен жүретін екі баржа суға батырылды.
"1 қыркүйектің таңындағы украиналық диверсиялық топтың залалсыздандырылуы және 31 тамызда үш камикадзе дрон арқылы атом электр станциясына шабуыл жасау әрекетін байланыстырса, Киев режимінің Энергодардағы арандатушылық әрекетіне дайындалғаны анық білінеді. Яғни, олар МАГАТЭ сарапшыларының Запорожье атом электр станциясындағы жұмысына кедергі келтіруді көздеді. Дегенмен, ресейлік тарап бұрынғысынша Запорожье атом электр станциясын бақылауда ұстап, Энергодардағы МАГАТЭ миссиясы жұмысының қауіпсіздігіне кепілдік береді", - деп жазды Хроленко.
Украинаның телеграм-арналары Запорожье атом электр станциясын басып алу операциясын Украина бас штабы британдық барлаумен бірге дайындаған деген болжам таратты. Киевтегілер операцияның сәтсіздігіне сатқындық, ақпараттың таралуы себеп деп санайды. Бірақ Каховка су қоймасының тегіс бетінде, күн шыққанда шақта атом электр станциясы аймағында пайда болған моторлы қайықтар мен екі күдікті баржаларды байқамау қиын. Украина Қарулы күштерінің Николаев облысындағы үлкен шығынымен бірге УҚР Бас барлау басқармасы мамандарының 1 қыркүйекте Энергодардағы сәтсіз әрекеті бір жауапты тұлғаны кінәлі деп тануды қажет етеді. Қазір Украина Қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйға барлық жауапкершілік жүктелуінің ықтималдылығы жоғары.
Украина МАГАТЭ делегациясының мүддесі аясында оқ атуды тоқтату режимі туралы келісімін алдын ала бұзды. Себебі, Киев режимі Запорожье АЭС аумағында Еуропадағы ең ірі ядролық нысан аумағындағы украин артиллериясының қауіпті әрекеті туралы айта алатын шетелдік мамандар мен журналистердің болуын қалап отырған жоқ.
Бұрын мұнда Украинадағы электр қуатының 21 проценттен астамы өндірілетін, бүгінгі бағамен бұл айына шамамен 1 миллиард долларды құрайды. Хроленконың пікірінше, Энергодардан шынайы ақпараттың жария болуына Вашингтон да мүдделі емес. Себебі, Украина Қарулы күштерінің қорғаныс және шабуыл операцияларының жоспарын түптеп келгенде Пентагонда әзірленіп жатыр.
CNN телеарнасы америкалық, батыстық және украиналық ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ Украинаға шабуыл операцияларын жоспарлауға көмектесіп жатқанын хабарлады.
"Олар мұндай операциялардың жоспарын әзірлеуде өздерін мінсіз қабілетті деп санайтын көрінеді. Алайда АҚШ пен НАТО соңғы 75 жылда бірде-бір соғыста жеңіске жеткен жоқ. Пентагон сарбаздары жоғары технологиялық жауы жоқ соғыстарға бейімделген. Сондықтан, америкалық кеңесшілер мен мамандар Украина армиясына мардымды біреңе үйретуі екіталай", - дейді әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің Энергодардағы десанттық (диверсиялық) операциясы бастапқыда-ақ сәтсіз аяқталатыны белгілі еді. Тактикалық тұстарына тоқталмай-ақ, ең мықты даярлықтан өткен арнайы жасақ сарбаздары өзімен бірге көп оқ-дәрі алып жүра алмайтынын ескеру керек. Ал Запорожье АЭС - бұл ерекше қорғалатын нысан. Ұлттық ұлан украиналық диверсанттармен кездесуге тәулік бойы дайын тұр. Жақын жерде броньдалған техника бар армия бөлімшелері мен Ресей Қарулы күштерінің соққы жасайтын ұшақтары орналасқан.
Жалпы бұған дейін бүкіл әлем британдық әскери кеңесшілер жетекшілік еткен Украина Қарулы күштері Бас барлау басқармасының Змеиный аралына сәтсіз шабуыл әрекетінің куәсі болды. Бұл кезде екі рет жасалған ресейлік соққы жүзден астам украин сарбазы мен ондаған әскери техниканың қиратылуына әкелді.
Екінші жағынан, арнайы операция кезінде ресейлік әскер Донбасс аумағын арандатушылардан тазартып, бүкіл Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов бөлігін сенімді түрде бақылауға алды. Азат етілген аймақтарда жаңа әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Жергілікті халық Ресей азаматтығын, материалдық көмек алып, референдум арқылы Ресей Федерациясына оралуға ниетті болып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.