Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Білім күні: жаңа оқу жылы қалай басталды – фото

Жазылу
1 қыркүйекте Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылы басталды. Бүгін Алматыда 31 000 бала үшін алғаш рет мектеп қоңырауы соғылды. Sputnik Қазақстан тілшілері қаладағы бірнеше мектепті аралап, білім күні қалай өткенін көріп қайтты
Білім күнінде бірден сегіз жаңа мектеп, оның ішінде төрт мемлекеттік білім ордасы есігін айқара ашты. Бұл білім ошақтары Мәдениет, Қалқаман, Саялы, Томирис шағын аудандарында орналасқан және 6 600 оқушыға арналған. Қалған 1 470 орынға арналған төрт мектеп жеке инвестиция есебінен салынған.
Сондай-ақ, бүгінде 191, 146, 125 мектептердің қосалқы ғимараттарының құрылысы аяқталып, оқушылар санын 875 орынға арттыруға мүмкіндік туды.
Биыл оқу жылынан бастап Алматы мектептері бір немесе екі ауысымда оқуға толығымен көшіп жатыр. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қаладағы соңғы үш ауысымда оқитын 196 мектептің мәселесі "Мәдениет" ықшам ауданында жобалық қуаты 1 500 оқушыға есептелген жаңа оқу орнының ашылуы арқылы шешілген. Алматыда жалпы орта білім беру саласы 301 мектепті, оның ішінде 210 мемлекеттік, 91 жекеменшік мектепті қамтып отыр.
2022 жылы аз қамтылған отбасындағы балаларды мектепке дайындау аясында жергілікті бюджеттен 847 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде Алматыдағы 20 мыңға жуық оқушыға жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 43 мың теңге көлемінде қаражат берілді. Демеушілердің арқасында "Мектепке жол – шекарасыз жақсылық" республикалық акциясы аясында аз қамтылған отбасындағы 4 108 балаға жалпы сомасы 70,6 миллион теңгеге көмек көрсетілді.
Толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан көріңіздер.
© Photo

1 қыркүйекте Алматыдағы барлық мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиында мектеп оқушыларына, ұстаздар мен ата-аналарға арналған құттықтау сөздер айтылды

1 қыркүйекте Алматыдағы барлық мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиында мектеп оқушыларына, ұстаздар мен ата-аналарға арналған құттықтау сөздер айтылды - Sputnik Қазақстан
1/11

1 қыркүйекте Алматыдағы барлық мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиында мектеп оқушыларына, ұстаздар мен ата-аналарға арналған құттықтау сөздер айтылды

© Photo

Биыл оқу жылында Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алады

Биыл оқу жылында Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алады - Sputnik Қазақстан
2/11

Биыл оқу жылында Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алады

Алматыда 301 мектеп бар, оның 210-ы мемлекеттік, 91-і жекеменшік. Суретте: Ілияс Есенберлин атындағы 25 мектеп-гимназиясының оқушылары

Алматыда 301 мектеп бар, оның 210-ы мемлекеттік, 91-і жекеменшік. Суретте: Ілияс Есенберлин атындағы 25 мектеп-гимназиясының оқушылары - Sputnik Қазақстан
3/11

Алматыда 301 мектеп бар, оның 210-ы мемлекеттік, 91-і жекеменшік. Суретте: Ілияс Есенберлин атындағы 25 мектеп-гимназиясының оқушылары

© Photo

Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жекеменшік мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ үш мектепке жапсарлай салынатын қосалқы ғимарат құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Суретте: бірінші сынып оқушылары салтанатты шарадан кейін алғашқы сабаққа қатысып отыр

Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жекеменшік мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ үш мектепке жапсарлай салынатын қосалқы ғимарат құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Суретте: бірінші сынып оқушылары салтанатты шарадан кейін алғашқы сабаққа қатысып отыр - Sputnik Қазақстан
4/11

Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жекеменшік мектепті пайдалануға беру, сондай-ақ үш мектепке жапсарлай салынатын қосалқы ғимарат құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Суретте: бірінші сынып оқушылары салтанатты шарадан кейін алғашқы сабаққа қатысып отыр

Осы оқу жылынан бастап Алматы мектептері бір немесе екі ауысымда оқытуға толығымен көшіп жатыр

Осы оқу жылынан бастап Алматы мектептері бір немесе екі ауысымда оқытуға толығымен көшіп жатыр - Sputnik Қазақстан
5/11

Осы оқу жылынан бастап Алматы мектептері бір немесе екі ауысымда оқытуға толығымен көшіп жатыр

© Photo

Қаладағы соңғы үш ауысымда оқитын 196 мектептің мәселесі "Мәдениет" ықшам ауданында жобалық қуаты 1 500 оқушыға есептелген жаңа оқу орнының ашылуы арқылы шешілген

Қаладағы соңғы үш ауысымда оқитын 196 мектептің мәселесі "Мәдениет" ықшам ауданында жобалық қуаты 1 500 оқушыға есептелген жаңа оқу орнының ашылуы арқылы шешілген - Sputnik Қазақстан
6/11

Қаладағы соңғы үш ауысымда оқитын 196 мектептің мәселесі "Мәдениет" ықшам ауданында жобалық қуаты 1 500 оқушыға есептелген жаңа оқу орнының ашылуы арқылы шешілген

Биыл бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл мақсаттарға жыл соңына дейін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді

Биыл бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл мақсаттарға жыл соңына дейін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді - Sputnik Қазақстан
7/11

Биыл бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл мақсаттарға жыл соңына дейін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді

Оқулық пен көркем әдебиет сатып алуға жергілікті бюджеттен 3 миллиард 263 миллион 457 мың теңге бөлінді. Биыл 2-сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары толықтай тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Оқулық пен көркем әдебиет сатып алуға жергілікті бюджеттен 3 миллиард 263 миллион 457 мың теңге бөлінді. Биыл 2-сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары толықтай тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі - Sputnik Қазақстан
8/11

Оқулық пен көркем әдебиет сатып алуға жергілікті бюджеттен 3 миллиард 263 миллион 457 мың теңге бөлінді. Биыл 2-сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары толықтай тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Қаладағы 15 мектепте "Мектептердің спорт алаңдарын жаңғырту" жобасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр

Қаладағы 15 мектепте "Мектептердің спорт алаңдарын жаңғырту" жобасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр - Sputnik Қазақстан
9/11

Қаладағы 15 мектепте "Мектептердің спорт алаңдарын жаңғырту" жобасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайдың айтуынша, бүгінде мектептерде орын тапшылығы 19 611 деңгейінде тұр. Қалалық әкімдік 1 800 балаға арналған мектептерді ұйымдастыру үшін Бостандық және Наурызбай аудандарында екі ғимарат сатып алып жатыр

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайдың айтуынша, бүгінде мектептерде орын тапшылығы 19 611 деңгейінде тұр. Қалалық әкімдік 1 800 балаға арналған мектептерді ұйымдастыру үшін Бостандық және Наурызбай аудандарында екі ғимарат сатып алып жатыр - Sputnik Қазақстан
10/11

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайдың айтуынша, бүгінде мектептерде орын тапшылығы 19 611 деңгейінде тұр. Қалалық әкімдік 1 800 балаға арналған мектептерді ұйымдастыру үшін Бостандық және Наурызбай аудандарында екі ғимарат сатып алып жатыр

Алматы қаласының құрылыс басқармасы 15, 48, 122, 131, 141, 145, 166 мектептерде және Білім инновациялық мектебінде қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарымен сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде оқу жылы басталғанға дейін 166 және 129 екі мектепте жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Суретте: 135 мектептегі салтанатты жиын

Алматы қаласының құрылыс басқармасы 15, 48, 122, 131, 141, 145, 166 мектептерде және Білім инновациялық мектебінде қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарымен сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде оқу жылы басталғанға дейін 166 және 129 екі мектепте жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Суретте: 135 мектептегі салтанатты жиын - Sputnik Қазақстан
11/11

Жаңалықтар
0