Қоғам

Бала күтіміне байланысты төлем 1,5 жасқа дейін төленеді

© Photo : Pixabay /Free-PhotosБала күтімі
Бала күтімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
Қазір бала күтіміне байланысты төлемдер бір жасқа дейін ғана төленеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдың қаңтарынан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзарады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жарым жасқа дейін ұлғайтамыз. Ата-аналар ең маңызды кезеңде өз балаларының қасында ұзағырақ болады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатындарға жұмыстан айырылғаны үшін төлемдер орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін көтеріледі.
"Бұл оларға еңбек қызметіне жеңіл және тезірек оралуына көмектеседі", - деді президент.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін артатынын мәлімдеді. Бұл 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді.
Деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Балалар Ұлттық қордан өз үлесін алады
Жаңалықтар
0