https://sputnik.kz/20220901/ardager-dzyudoshylar-alem-chempionatynda-baq-synaydy-27203029.html
Ардагер дзюдошылар әлем чемпионатында бақ сынайды
Ардагер дзюдошылар әлем чемпионатында бақ сынайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. 8-11 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласында дзюдодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлады... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T18:38+0500
2022-09-01T18:38+0500
2022-09-01T18:38+0500
дзюдо
https://sputnik.kz/img/old/29/19/291994_0:0:361:203_1920x0_80_0_0_a714fdb5012a2a51bde6ceed8dc121ac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. 8-11 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласында дзюдодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлады Prosports.kz.Аталған жарыста 57 мемлекеттен келген 900-ге тарта балуан бақ сынайды. Татамиге шығатындар қатарында қазақстандық дзюдошылар да бар. Краковқа сапар шеккелі отырғандардың тізімінен әйгілі балуандардың есімдері де кездеседі. Мәселен, 60 пен 64 жас аралығындағы спортшылар арасында Алмас Мұсабеков күш сынасады.Даңқты бапкер Марат Жақыттың қол астында жаттыққан Жамбыл облысының тумасы өткен ғасырдың жетпісінші және сексенінші жылдары атой салғанын көзі қарақты көрермен ұмыта қойған жоқ. Ол самбодан екі дүркін КСРО чемпионы атанып, сан мәрте жүлдегерлер санатынан көрінді. Әлем кубогы мен Еуропа біріншіліктерінде топ жарды.50 мен 54 жастағылардың сайысында Руслан Сейілханов өнер көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының түлегі тоқсаныншы жылдары еліміздегі ең белді балуандардың бірі әрі бірегейі болды. Ол Атланта мен Сидней Олимпиадаларына қатысып, әлемдік және құрлықтық додаларда үнемі үздіктер қатарынан көрініп жүрді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/29/19/291994_44:0:315:203_1920x0_80_0_0_2dcc29aedc63e55c663409d5b09a7812.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дзюдо
Ардагер дзюдошылар әлем чемпионатында бақ сынайды
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. 8-11 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласында дзюдодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлады
Prosports.kz. Аталған жарыста 57 мемлекеттен келген 900-ге тарта балуан бақ сынайды. Татамиге шығатындар қатарында қазақстандық дзюдошылар да бар. Краковқа сапар шеккелі отырғандардың тізімінен әйгілі балуандардың есімдері де кездеседі. Мәселен, 60 пен 64 жас аралығындағы спортшылар арасында Алмас Мұсабеков күш сынасады.
Даңқты бапкер Марат Жақыттың қол астында жаттыққан Жамбыл облысының тумасы өткен ғасырдың жетпісінші және сексенінші жылдары атой салғанын көзі қарақты көрермен ұмыта қойған жоқ. Ол самбодан екі дүркін КСРО чемпионы атанып, сан мәрте жүлдегерлер санатынан көрінді. Әлем кубогы мен Еуропа біріншіліктерінде топ жарды.
50 мен 54 жастағылардың сайысында Руслан Сейілханов өнер көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының түлегі тоқсаныншы жылдары еліміздегі ең белді балуандардың бірі әрі бірегейі болды. Ол Атланта мен Сидней Олимпиадаларына қатысып, әлемдік және құрлықтық додаларда үнемі үздіктер қатарынан көрініп жүрді.