https://sputnik.kz/20220901/1-qyrkuyek--bilim-kuni-27167036.html
1 қыркүйек – Білім күні
1 қыркүйек – Білім күні
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Қазақстанда – Білім күні. Барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтеді, деп хабарлайды Sputnik... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T08:00+0500
2022-09-01T08:00+0500
2022-09-01T08:00+0500
білім
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/09/01/18002018_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_95f0c55caf31d651bd032dd1ed96385a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Қазақстанда – Білім күні. Барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 400 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады.Жалпы 3,7 млн оқушыны қамтитын 7,6 мыңнан аса мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын, сондай-ақ "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында сынып сағаты өтеді.Салтанатты жиынды өткізу форматы мен қатысушылар құрамын мектептердің өздері айқындайды.Жаңа 2022-2023 оқу жылы өзгерістерге толы. Басты жаңалық – оқушылар енді 31 мамырға дейін оқиды. Оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталып, 36 аптаға созылады. Жазғы каникулға 1 маусымнан бастап шығады.Жазғы демалыс күндерін қосқанда, балалар жалпы 192 күн демалады, ал 173 күн оқиды.Сондай-ақ биылдан бастап үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлық мектеп (7 мыңнан астам) бес күндік оқу аптасына көшеді. Бұл білім ошақтарында 3,4 млн бала және 300 мыңнан астам мұғалім бар. Соның нәтижесінде оқушылар, мұғалімдер, мектеп директорлары мен оның орынбасарлары оқу жылында қосымша 36 күн демалады.Ағылшын тілі тек 3-сыныптан бастап оқытылады1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары үш тілді қатар оқымайды. Балалар алдымен өз ана тілінде оқып, жазуды үйренеді. Артынан басқа тілдерді меңгереді.Осылайша, қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысы тек қазақ тілін үйренеді де, екінші сыныпта орыс тілі енгізіледі. Ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілі қатар оқытылады. 3-сыныптан бастап барлығы ағылшын тілін меңгеруге кіріседі.Сонымен қатар 1-сыныпта "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері оқытылады. Олар ерте кәсіптік бағдар беру үшін қажет.Бұған қоса, мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматқа жазылуға болады."Жаһандық құзыреттілік" факультативтік курсы бойынша оқыту жалғасады. Бұл пән биыл 5-11 сыныптар үшін міндетті курс. Курста "Адалдық және этика", "Экологиялық мәдениет", "Азаматтық", "Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері", "Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық" модульдері қамтылған.Мектеп формасыЖаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Яғни оқушылар мектепке бұрын сатып алған немесе биылғы оқу жылында дайындаған формамен бара алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/01/18002018_404:0:2652:1686_1920x0_80_0_0_0e0f30ecc86383b6cecc9d13a507c7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Қазақстанда – Білім күні. Барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 400 мыңға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа барады.
Жалпы 3,7 млн оқушыны қамтитын 7,6 мыңнан аса мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын, сондай-ақ "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында сынып сағаты өтеді.
Салтанатты жиынды өткізу форматы мен қатысушылар құрамын мектептердің өздері айқындайды.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы өзгерістерге толы. Басты жаңалық – оқушылар енді 31 мамырға дейін оқиды. Оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталып, 36 аптаға созылады. Жазғы каникулға 1 маусымнан бастап шығады.
Жазғы демалыс күндерін қосқанда, балалар жалпы 192 күн демалады, ал 173 күн оқиды.
Сондай-ақ биылдан бастап үш ауысымдық мектептерді қоспағанда, барлық мектеп (7 мыңнан астам) бес күндік оқу аптасына көшеді. Бұл білім ошақтарында 3,4 млн бала және 300 мыңнан астам мұғалім бар. Соның нәтижесінде оқушылар, мұғалімдер, мектеп директорлары мен оның орынбасарлары оқу жылында қосымша 36 күн демалады.
Ағылшын тілі тек 3-сыныптан бастап оқытылады
1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары үш тілді қатар оқымайды. Балалар алдымен өз ана тілінде оқып, жазуды үйренеді. Артынан басқа тілдерді меңгереді.
Осылайша, қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысы тек қазақ тілін үйренеді де, екінші сыныпта орыс тілі енгізіледі. Ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілі қатар оқытылады. 3-сыныптан бастап барлығы ағылшын тілін меңгеруге кіріседі.
Сонымен қатар 1-сыныпта "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері оқытылады. Олар ерте кәсіптік бағдар беру үшін қажет.
Бұған қоса, мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматқа жазылуға болады.
"Жаһандық құзыреттілік" факультативтік курсы бойынша оқыту жалғасады. Бұл пән биыл 5-11 сыныптар үшін міндетті курс. Курста "Адалдық және этика", "Экологиялық мәдениет", "Азаматтық", "Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері", "Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық" модульдері қамтылған.
Жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Яғни оқушылар мектепке бұрын сатып алған немесе биылғы оқу жылында дайындаған формамен бара алады.