https://sputnik.kz/20220831/toqaev-shokeev-otstavka-turkistan-oblysy-zhana-akim-27148244.html
Тоқаев Шөкеевтің отставкасын қабылдап, Түркістан облысына жаңа әкім тағайындады
Тоқаев Шөкеевтің отставкасын қабылдап, Түркістан облысына жаңа әкім тағайындады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T10:45+0500
2022-08-31T10:45+0500
2022-08-31T11:54+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27150537_0:0:1201:676_1920x0_80_0_0_4afe1414ae245b8fe465ed836808afe7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.Сондай-ақ президенттің жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Ол облысты 2019 жылдың ақпанынан бері басқарды. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін Шөкеевке алғыс айтты. Еске салсақ, 26 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланды. Өңір басшысы өтінішті 24 тамызда жазған.Бұған дейін сот үкімімен Кентау қаласының бұрынғы басшысы Дәурен Мақажанов жемқорлық үшін 10 жылға сотталды. Сол жолы Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді. Айта кетері, Қазақстанда басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген болатын. Заңға сәйкес, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, өңір әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасаса, отставкаға кетуге өтініш беруге міндетті. Ал отставканы қабылдап-қабылдамау мәселесін президент шешеді. Дархан Сатыбалды туралы не білемізДархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған.С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.Әр жылдары премьер-министр кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Сондай-ақ сенат депутаты болды. Соңғы жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды."Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27150537_0:0:1129:847_1920x0_80_0_0_8fe0a78f544d80e6b45478e56969d589.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, түркістан облысы
қасым-жомарт тоқаев, түркістан облысы
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Сондай-ақ президенттің жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Ол облысты 2019 жылдың ақпанынан бері басқарды. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін Шөкеевке алғыс айтты.
Еске салсақ, 26 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланды. Өңір басшысы өтінішті 24 тамызда жазған.
Бұған дейін сот үкімімен Кентау қаласының бұрынғы басшысы Дәурен Мақажанов жемқорлық үшін 10 жылға сотталды. Сол жолы Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Айта кетері, Қазақстанда басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген болатын. Заңға сәйкес, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, өңір әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасаса, отставкаға кетуге өтініш беруге міндетті. Ал отставканы қабылдап-қабылдамау мәселесін президент шешеді.
Дархан Сатыбалды туралы не білеміз
Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған.
С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.
Әр жылдары премьер-министр кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Сондай-ақ сенат депутаты болды. Соңғы жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.
"Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.