https://sputnik.kz/20220831/shygys-2022-komandalyq-shtabtyq-oqu-zhattygularyna-kimder-qatysady-27198332.html
"Шығыс-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына кімдер қатысады
"Шығыс-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына кімдер қатысады
Sputnik Қазақстан
"Шығыс-2022" бірлескен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары (СКШО) Ресейдің, оның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастары мен серіктестерінің... 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T22:44+0500
2022-08-31T22:44+0500
2022-09-01T16:44+0500
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_0:14:3033:1720_1920x0_80_0_0_7436365b6d03456100646a3bcd974c00.jpg
"Шығыс-2022" бірлескен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары (СКШО) Ресейдің, оның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастары мен серіктестерінің ұйымдастырушылық және технологиялық артықшылығын, әлемде ҰҚШҰ мен ШЫҰ елдерінің әскери-саяси ықпалының өсуін паш етіп тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко. "Шығыс-2022" маневрлері 1-7 қыркүйекте РФ Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимовтің жетекшілігімен Шығыс әскери округінің аумағында, Охот және Жапон теңізі акваториясында, ҰҚШҰ, ШЫҰ және серіктес 14 елдің 50 мыңнан астам әскери қызметкері, 5000 дана әскери техникасы (оның ішінде 140 ұшу аппараты, 60 әскери кеме және қосалқы кеме) қатысуымен өтеді.Басқару органдарының жедел топтары, әскери контингенттер мен бақылаушылар жеті құрлықтағы полигонда және теңіз аймақтарында арнайы және коалициялық әскери топтардың бірлескен іс-қимылдарын пысықтайтын болады. Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты - жауапкершілік аймағында Ресей Федерациясы және оның одақтастарының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин кеше оқу-жаттығулар қорғаныс сипатында екенін және нақты мемлекеттер мен әскери одақтарға қарсы бағытталмағанын атап өтті.Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, командирлер мен штабтар Шығыс бағытта және Қиыр Шығыс теңіз аймағындағы агрессияға тойтарыс беріп, "Бурдуны" (Бурятия), "Горячие Ключи" (Куриль аралдары), "Князе-Волконский" (Хабаров өлкесі), "Сергеевский" (Приморск өлкесі), "Телемба" (Забайкалье өлкесі), "Лагунное" және "Успеновский" (Сахалин облысы) әскери-әуе күштерінің полигондарында коалициялық әскердің жедел үйлесімділігін арттырады.Оқу-жаттығулар батыстан шығысқа қарай 3000 километрден астам үлкен операциялық кеңістікті қамтиды. Тактикалық эпизодтар негізінде Ресей мен серіктес мемлекеттердің әскери контингенттерінің бірлескен іс-қимылдарының нұсқалары жатыр. Оқу-жаттығулардың ең маңызды кезеңі Уссурийскке жақын маңдағы Ресейдегі ең ірі "Сергеевский" полигонында өтеді.Тайвань қақтығысы Шығыс стратегиялық бағыттағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеліп, Қытайдың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп ттыр. "Восток 2022" жаттығулары кезінде Тайваньға теңіз десанты немесе әуе шабуылы жоспарланбаған. Бірақ Вашингтон маневрге қатысушыларды Тайвань төңірегінде жағдайды ушықтырып жатыр деп айыптады. Ал маневрлер материкте және Жапон теңізінде, яғни, Тайвань аралынан екі мың километр жерде өтеді.Операциялық сипатта "Шығыс" маневрлері бұдан да ауқымды өтті - 2014 жылдың қыркүйегінде әскери-әуе күштерінің округінің 20-дан астам құрлық, теңіз және авиация полигонында 100 000 әскери қызметкер, 1500-ге жуық танк, 120 ұшақ, 70 кеме және 5000 дана басқа да әскери техника жұмылдырылды. Ал "Шығыс-2018" стратегиялық оқу-жаттығулары 300 мың әскери қызметкер мен 36 мың дана техниканы қамтыды."Дегенмен, "Шығыс-2022" оқу-жаттығуларына қатысушылардың көпұлтты құрамы бұрын-соңды болмаған сипатта және ол көрші мемлекеттердің Ресеймен бірлескен аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл Ресей Федерациясының бағытына сенімді әскери-саяси қолдау болып табылады", - деп жазды Хроленко.Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер 30 тамызда Үндістанның "Шығыс" әскери оқу-жаттығуларына қосылуы алаңдаушылық тудыратынын айтты: "Кез келген ел Ресеймен оқу-жаттығулар өткізсе, бұл АҚШ-ты алаңдатады".Яғни, Вашингтонды ресейлік маневрлердің барлық 13 шетелдік қатысушысы, атап айтқанда, Әзербайжан, Алжир, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Лаос, Моңғолия, Никарагуа, Сирия, Тәжікстан алаңдатып отыр. Бұл елдердің жалпы халқының саны үш миллиардтан астам адамды құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, НАТО елдерінде шамамен 920 миллион адам тұрады.Қытайлық Global Times басылымы көпполярлы әлемнің жаңа жағдайында Қытай, Ресей және басқа да көрші елдер аймақтық қауіпсіздікті нығайту үшін әскери ынтымақтастықты дамыту қажет деп атап өтті."Жалпы, Қытай-Ресей немесе Ресей-Үндістанның достық қарым-қатынасы ешқашан Азия-Тынық мұхиты аймағында шиеленіс тудырған емес. Керісінше, стратегиялық өзара іс-қимыл аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өте маңызды", - дейді әскери шолушы.Оның пікірінше, Ресей ұсынған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидаттары ұжымдық Батысқа ұнамай отыр. Қалай дегенмен де, Ресей Бас штабының жетекшілігімен өтіп жатқан ұлттық қарулы күштердің "Шығыс-2022" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысу арқылы әлем елдері бейбітшілікке төнген қатерге тойтарыс бере алады.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_a7760cfa92ddcb2c0d7a2bbc9f449438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-жаттығулар
"Шығыс-2022" бірлескен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары (СКШО) Ресейдің, оның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастары мен серіктестерінің ұйымдастырушылық және технологиялық артықшылығын, әлемде ҰҚШҰ мен ШЫҰ елдерінің әскери-саяси ықпалының өсуін паш етіп тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
"Шығыс-2022" маневрлері 1-7 қыркүйекте РФ Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимовтің жетекшілігімен Шығыс әскери округінің аумағында, Охот және Жапон теңізі акваториясында, ҰҚШҰ, ШЫҰ және серіктес 14 елдің 50 мыңнан астам әскери қызметкері, 5000 дана әскери техникасы (оның ішінде 140 ұшу аппараты, 60 әскери кеме және қосалқы кеме) қатысуымен өтеді.
Басқару органдарының жедел топтары, әскери контингенттер мен бақылаушылар жеті құрлықтағы полигонда және теңіз аймақтарында арнайы және коалициялық әскери топтардың бірлескен іс-қимылдарын пысықтайтын болады. Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты - жауапкершілік аймағында Ресей Федерациясы және оның одақтастарының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин кеше оқу-жаттығулар қорғаныс сипатында екенін және нақты мемлекеттер мен әскери одақтарға қарсы бағытталмағанын атап өтті.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, командирлер мен штабтар Шығыс бағытта және Қиыр Шығыс теңіз аймағындағы агрессияға тойтарыс беріп, "Бурдуны" (Бурятия), "Горячие Ключи" (Куриль аралдары), "Князе-Волконский" (Хабаров өлкесі), "Сергеевский" (Приморск өлкесі), "Телемба" (Забайкалье өлкесі), "Лагунное" және "Успеновский" (Сахалин облысы) әскери-әуе күштерінің полигондарында коалициялық әскердің жедел үйлесімділігін арттырады.
Оқу-жаттығулар батыстан шығысқа қарай 3000 километрден астам үлкен операциялық кеңістікті қамтиды. Тактикалық эпизодтар негізінде Ресей мен серіктес мемлекеттердің әскери контингенттерінің бірлескен іс-қимылдарының нұсқалары жатыр. Оқу-жаттығулардың ең маңызды кезеңі Уссурийскке жақын маңдағы Ресейдегі ең ірі "Сергеевский" полигонында өтеді.
Тайвань қақтығысы Шығыс стратегиялық бағыттағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеліп, Қытайдың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп ттыр. "Восток 2022" жаттығулары кезінде Тайваньға теңіз десанты немесе әуе шабуылы жоспарланбаған. Бірақ Вашингтон маневрге қатысушыларды Тайвань төңірегінде жағдайды ушықтырып жатыр деп айыптады. Ал маневрлер материкте және Жапон теңізінде, яғни, Тайвань аралынан екі мың километр жерде өтеді.
Операциялық сипатта "Шығыс" маневрлері бұдан да ауқымды өтті - 2014 жылдың қыркүйегінде әскери-әуе күштерінің округінің 20-дан астам құрлық, теңіз және авиация полигонында 100 000 әскери қызметкер, 1500-ге жуық танк, 120 ұшақ, 70 кеме және 5000 дана басқа да әскери техника жұмылдырылды. Ал "Шығыс-2018" стратегиялық оқу-жаттығулары 300 мың әскери қызметкер мен 36 мың дана техниканы қамтыды.
"Дегенмен, "Шығыс-2022" оқу-жаттығуларына қатысушылардың көпұлтты құрамы бұрын-соңды болмаған сипатта және ол көрші мемлекеттердің Ресеймен бірлескен аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл Ресей Федерациясының бағытына сенімді әскери-саяси қолдау болып табылады", - деп жазды Хроленко.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер 30 тамызда Үндістанның "Шығыс" әскери оқу-жаттығуларына қосылуы алаңдаушылық тудыратынын айтты: "Кез келген ел Ресеймен оқу-жаттығулар өткізсе, бұл АҚШ-ты алаңдатады".
Яғни, Вашингтонды ресейлік маневрлердің барлық 13 шетелдік қатысушысы, атап айтқанда, Әзербайжан, Алжир, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Лаос, Моңғолия, Никарагуа, Сирия, Тәжікстан алаңдатып отыр. Бұл елдердің жалпы халқының саны үш миллиардтан астам адамды құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, НАТО елдерінде шамамен 920 миллион адам тұрады.
Қытайлық Global Times басылымы көпполярлы әлемнің жаңа жағдайында Қытай, Ресей және басқа да көрші елдер аймақтық қауіпсіздікті нығайту үшін әскери ынтымақтастықты дамыту қажет деп атап өтті.
"Жалпы, Қытай-Ресей немесе Ресей-Үндістанның достық қарым-қатынасы ешқашан Азия-Тынық мұхиты аймағында шиеленіс тудырған емес. Керісінше, стратегиялық өзара іс-қимыл аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өте маңызды", - дейді әскери шолушы.
Оның пікірінше, Ресей ұсынған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік қағидаттары ұжымдық Батысқа ұнамай отыр. Қалай дегенмен де, Ресей Бас штабының жетекшілігімен өтіп жатқан ұлттық қарулы күштердің "Шығыс-2022" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысу арқылы әлем елдері бейбітшілікке төнген қатерге тойтарыс бере алады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.