Оқиға

Шахтинскте ЖЭО жанында өрт шықты

© Sputnik / Елена Бережнаяархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Шахтинск қаласының ЖЭО жанында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр.
Өрт туралы хабарлама сағат 11.000 шамасында түскен.
Өрттің жалпы ауданы 4 гектар, деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Жақын орналасқан қосалқы станция мен ЖЭО аумағына қауіп төнді. Жоғары температурадан электр желілерінің металл тірегі зақымдалған. Нәтижесінде электр қуат ажыратылды. Өрт 13-55-те ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі анықталуда", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 48 адам және 16 техника жұмыс істеді.
Жаңалықтар
0