https://sputnik.kz/20220831/sayasat-nurbek-kone-turki-dauirinin-zhana-eskertkishteri-27169163.html
Саясат Нұрбек көне түркі дәуірінің жаңа ескерткіштерін ашқан ғалымдарды марапаттады
Саясат Нұрбек көне түркі дәуірінің жаңа ескерткіштерін ашқан ғалымдарды марапаттады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұрын зерттелмеген көне түркі ескерткіштерін тапқан түрколог ғалымдарды... 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T19:45+0500
2022-08-31T19:45+0500
2022-08-31T19:45+0500
ғылым
марапат
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27169011_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_79441d829e296ddae622e8d2d54ead39.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұрын зерттелмеген көне түркі ескерткіштерін тапқан түрколог ғалымдарды марапаттады, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.Моңғолияның Ғылым академиясы тарих және археология институтының археологы A. Энхтөрге, түрколог ғалымдар Н. Базылхан мен Н. Бөгенбаевқа министрліктің "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, аталған ғалымдарға және Халықаралық Түркі академиясының Президенті Д. Қыдырәліге министрдің алғыс хаттары берілді.24-тамыз күні Номгон (Моңғолия) өңірінде жүргізілген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелері жарияланды. Экспедицияны Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын.Номгондағы қазба жұмыстарының арқасында Орталық Азиядағы Шығыс түркілерінің қаған-князь типіндегі мемориалдық кешендерін ерекшелейтін негізгі архитектуралық компоненттерден тұратын түркі дәуірінің бұрын белгісіз болған тағы бір ескерткіші ашылды. Көне түркілік руна және соғды тілінде қашалған жазуы бар бітіктастың бір бөлігі, тасбақа тұғыры, антропоморфты бәдіз бөлігі (қағанның жартылай бейнесі) және зооморфты мүсіндер (арыстан мен қой мүсіндері) табылды.Ғалымдардың Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген болжам жасап отыр.Министр Саясат Нұрбек бұл жаңалықтың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық экспедиция мүшелеріне түркологияға және әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Сонымен қатар министр Моңғолияның Білім және ғылым министрлігіне және Ғылым академиясына қолдау білдіргені үшін алғыс айта отырып, келешекте де бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27169011_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_72f742ac4ce571272206bb9dffe84536.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғылым, марапат
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұрын зерттелмеген көне түркі ескерткіштерін тапқан түрколог ғалымдарды марапаттады, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Моңғолияның Ғылым академиясы тарих және археология институтының археологы A. Энхтөрге, түрколог ғалымдар Н. Базылхан мен Н. Бөгенбаевқа министрліктің "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, аталған ғалымдарға және Халықаралық Түркі академиясының Президенті Д. Қыдырәліге министрдің алғыс хаттары берілді.
24-тамыз күні Номгон (Моңғолия) өңірінде жүргізілген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелері жарияланды. Экспедицияны Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын.
Номгондағы қазба жұмыстарының арқасында Орталық Азиядағы Шығыс түркілерінің қаған-князь типіндегі мемориалдық кешендерін ерекшелейтін негізгі архитектуралық компоненттерден тұратын түркі дәуірінің бұрын белгісіз болған тағы бір ескерткіші ашылды. Көне түркілік руна және соғды тілінде қашалған жазуы бар бітіктастың бір бөлігі, тасбақа тұғыры, антропоморфты бәдіз бөлігі (қағанның жартылай бейнесі) және зооморфты мүсіндер (арыстан мен қой мүсіндері) табылды.
Ғалымдардың Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген болжам жасап отыр.
Министр Саясат Нұрбек бұл жаңалықтың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық экспедиция мүшелеріне түркологияға және әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
"Моңғолиядағы Номгон мемориалдық кешенінің табылуы отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдардың тарихи жетістігі деп есептеймін. Біздің еліміз, түркітілдес мемлекеттер мен әлемдік қауымдастық үшін бұл зерттеу жұмыстарының маңызы зор", — деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар министр Моңғолияның Білім және ғылым министрлігіне және Ғылым академиясына қолдау білдіргені үшін алғыс айта отырып, келешекте де бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.