https://sputnik.kz/20220831/qazaqstan-pakistanga-gumanitarlyq-komek-korsetedi-27164152.html
Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр... 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T16:34+0500
2022-08-31T16:34+0500
2022-08-31T16:35+0500
пәкістан
гуманитарлық көмек
https://sputnik.kz/img/07e4/09/03/14876918_0:198:2935:1849_1920x0_80_0_0_cef1b223e913b8a14da4b2302af8ef05.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.27 тамызда Пәкістан премьер-министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.28 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.
пәкістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/03/14876918_102:0:2833:2048_1920x0_80_0_0_8a5ab18904aebdc568eac9a0fe899962.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәкістан, гуманитарлық көмек
пәкістан, гуманитарлық көмек
Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді
16:34 31.08.2022 (жаңартылды: 16:35 31.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.
Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.
27 тамызда Пәкістан премьер-министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.
28 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.