Қатар әмірі жуық арада Қазақстанға келеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Қатар премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады
Тоқаев Қатар премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.
Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.
Жаңалықтар
0