Қарағанды ​​облысында БелАЗ автокөлікті мыжып өтіп, екі адам қаза тапты

© Photo : Телеграм-канал "Вечерняя Караганда"Қарағанды ​​облысында БелАЗ автокөлікті мыжып өтті
Қарағанды ​​облысында БелАЗ автокөлікті мыжып өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. "Қазақмысқа" қарасты "Молодёжный" разрезінде БелАЗ карьерлік жүк көлігі УАЗ автокөлігін басып кетті.
Салдарынан УАЗ көлігінде болған екі ер адам – разрез қызметкерлері қаза тапты, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаза болғандардың бірі 40 жаста, екіншісі 37 жаста.
"БелАЗ жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, бұрылу маневрін жасау кезінде УАЗ көлігін басып кеткен. Соның салдарынан УАЗ жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза болды, осы көліктің үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары габаритті машинаның жүргізушісі УАЗ көлігін неліктен көрмегенін анықтап жатыр.
Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
"Молодежный" разрезі – Қарағанды ​​облысындағы көмір қазатын ірі кәсіпорын.
Жаңалықтар
0