Павлодар облысында теміржолшы жанып жатқан көліктен адамдарды алып шықты

© Sputnik Архивное фото
 Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының тұрғыны өртеніп жатқан көліктегі төр адамды құтқарды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Оқиға Шарбақты ауданы, Маралды ауылы маңында болған.
Камаз тіркемесіне соғылған Audi көлігі лапылдап жана бастаған. Айналада адамдар бола тұра олардың бірде-бірі көліктегілерді алып шығуға батпаған. Тек теміржол станциясының жұмыскері Еркебұлан Жүзбаев көлік ішіндегі жолаушыларды шығаруға көмектескен. Бір өзі екі адамды алып шыққан. Ал басқа екеуін құтқаруға куәгерлердің бірі көмектескен.
Іле жалын газ толтырылған бакке тиіп автөкөлік жарылған. Ажалға араша түскен Еркебұланға қолқабыс берген екінші азаматтың кім екені әзірге белгісіз.
Полиция іздеп жатыр. Себебі жұртшылық құтқарушыларды марапатқа ұсыну туралы бастама көтерді.
Жаңалықтар
0