Николаев маңындағы қақтығыс

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуРоссийский военнослужащий в Херсонской области
Российский военнослужащий в Херсонской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
Запорожье облысына Украина Қарулы күштері артиллериясының атом электр станциясының аумағын шабуыл жасау ықтималдылығы ғана үлкен қауіп төндіріп тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің тапсырмасы бойынша 29 тамызға қараған түні Украина Қарулы күштерінің бөлімдері Николаев және Херсон облыстарында Ресей әскері мен Донецк Халық Республикасының күштеріне шабуыл жасауға әрекеттенді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Киев режимінің артиллериясы Украинаның оңтүстігінде оқ ату қарқынын арттырған. Қақтығыс кезінде бірнеше сағаттың ішінде украин әскері 560-тан астам әскери қызметкерінен, 26 танктен, 32 броньдалған машинадан, екі Су-25 шабуылдаушы ұшағынан және бір Ми-8 тікұшағынан айырылды.
Өткен тәулікте Николаев-Кривой Рог пен басқа да бағыттарда ресейлік әскери бөлімшелер Украина Қарулы күштерінің 1200-ден астам жауынгерін, 48 танкін, 46 жаяу әскер машинасын, 37 дана басқа броньдалған машинаны жойды.
Жалпы Украина Бас штабы украин әскерінің ресейлік артиллерия мен авиацияға әуеден ешқандай қолдаусыз, еш қосымша қорғанышсыз жазық далада шабуылдау әрекеттерін елеусіз қалдырды. Ингулец өзенінің сол жағалауындағы Андреевка және Сухой Ставок ауылдары арасында төрт километрге созылған аумақта Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері одақтас күштердің үдемелі оқ атуының астында қалды.
"Украина президенті Херсонға баса шабуыл жасаудың қарқынына көңілі толмай, Украина Қарулы күштерінен ешқандай шығынға қарамай, тек алға қарай ұмтылуды талап етіп отыр. Владимир Зеленский украиндерге Қырымды қайтаруға уәде етіп жатыр", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, Киев режимі үшін Батыстың әскери-қаржылық қолдауы нәтиже беретінін көрсету маңызды . Сондықтан кем дегенде 100-ге жуық халқы бар Сухой Ставок ауылының аумағын қайтаруға талпынып жатыр. Дегенмен, Херсон және Запорожье облыстарындағы қарсы шабуылға қатысу үшін Украинаның батысынан жіберілген Украина Қарулы күштерінің 128-ші таулы-шабуылдаушы бригадасы толықтай жеңіліске ұшырады.
30 тамызда Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің Николаев облысындағы сәтсіз шабуылы кезінде анықталған нысандарға әуеден, артиллерия және зымыранмен соққы берді. Днепропетровск облысының Александровка ауданында "Искандер" соққысымен 1-ші танк бригадасы қиратылды. Нәтижесінде Украина Қарулы күштерінің адам шығыны 200-ден асты, оның ішінде 40 шетелдік жалдамалы жауынгер бар. Украиналық пилотсыз ұшатын техниканы ресейлік радиоэлектронды шабуылға қарсы қорғаныс жүйелері жаппай істен шығарып жатыр. Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері Харьковтен Николаевқа дейінгі 1000 километр майдан желісін бекініс етуді сақтап тұр.
Әскери шолушы жазғандай, Херсон облысында украин әскерінің басып кіру әрекетіне қарсы эшелондық қорғаныс желілері құрылып, Ресей әскері аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұр. Запорожье облысына Украина Қарулы күштері артиллериясының атом электр станциясының аумағын шабуыл жасау ықтималдылығы ғана үлкен қауіп төндіріп тұр.
Киев режимінің тыйым салуына және БАҚ-тағы цензураға қарамастан, Украина Қарулы күштерінің жекелеген әскери қызметшілері майдандағы қазіргі шынайы жағдай туралы айтуға тырысып жатыр. Пескидегі бекініс аймағынан шегінгеннен кейін украин жауынгері Владимир Регеша батыстық әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында былай деп мысқылдап жазды: "Біздің армия барлық жерде жеңіске жетіп, күн сайын қалалар мен ауылдарды азат етіп жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып, таң қалдым".
Жалпы украин бас штабы елдің президентіне авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің қолдауынсыз армия қарсы шабуылға шыға алмайтынын түсіндіруге тырысып жатыр. Ал Батыстан келетін әскер көмек арнайы әскери операцияның барысына аса әсер етіп жатқан жоқ.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0