https://sputnik.kz/20220831/kolginov-elorda-uyler-suriletinen-aytty-27165467.html
Көлгінов елордада қандай үйлер сүрілетінен айтты
Көлгінов елордада қандай үйлер сүрілетінен айтты
Sputnik Қазақстан
Биыл күзде ауқымды жоба іске асырыла бастайды 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T17:28+0500
2022-08-31T17:28+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
тұрғын үй
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27163208_0:244:3035:1951_1920x0_80_0_0_ba5010835f3fa77ba8eb1abb105bc1b4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында 26 жылға созылған проблеманың шешілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қала әкімі әрбір ауданның өзіне тән күрделі әрі шешілуі тиіс өте маңызды проблемалары бар екенін атап өтті. Мәселен Байқоңыр ауданының Күлтегін көшесінде жоғары вольтты электр беру желісі орналасқан. Бұл проблеманың шешілмей келе жатқанына 26 жыл болды."Аудан тұрғындарымен кездестік. Үйлер кезең-кезеңімен бұзылатын болады. Ең алдымен электр беру желісі жанында орналасқан Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшелеріндегі үйлерге баса мән беріледі. Осыған ұқсас жұмыс алдағы уақытта іргелес аумақта да жүргізіледі. Алайда бұл бір күндік немесе бір жылдық жұмыс емес. Орташа есеппен алғанда жоба 3 жылдан 5 жылға дейін созылады", - деді Көлгінов.Айтуынша, былтыр электр беру желісін шығару бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қолға алынды, қазір ол сараптамадан өтіп жатыр. Ал биыл күзде ауқымды жоба іске асырыла бастайды.Бірінші кезекте, жолдардың және инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған учаскелердегі үйлер, сол сияқты электр беру желісі астындағы үйлер бұзылады. Бұған қоса бұзылатын үйлердің құнын белгілеу, оларды сатып алу және бұзу жұмыстары жүргізіледі.Асан қайғы көшесінің өзінде 200-ден астам үй орналасқан. Мұнда біз Уәлиханов көшесіне параллель, инженерлік желілері толық сегіз жолақты жол салуды жоспарлап отырмыз. Міне осыдан кейін шағын аудан инвесторлар үшін де тартымды болмақ. Осылайша, биылдан бастап Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария және т.б. көшелердегі үйлерді кезең-кезеңімен бұзуды бастаймыз", - деп жазды елорда әкімі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27163208_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_dfd5122b6c443213184eb7c4b258d1d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, астана
Көлгінов елордада қандай үйлер сүрілетінен айтты
17:28 31.08.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Биыл күзде ауқымды жоба іске асырыла бастайды
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында 26 жылға созылған проблеманың шешілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімі әрбір ауданның өзіне тән күрделі әрі шешілуі тиіс өте маңызды проблемалары бар екенін атап өтті. Мәселен Байқоңыр ауданының Күлтегін көшесінде жоғары вольтты электр беру желісі орналасқан. Бұл проблеманың шешілмей келе жатқанына 26 жыл болды.
"Аудан тұрғындарымен кездестік. Үйлер кезең-кезеңімен бұзылатын болады. Ең алдымен электр беру желісі жанында орналасқан Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшелеріндегі үйлерге баса мән беріледі. Осыған ұқсас жұмыс алдағы уақытта іргелес аумақта да жүргізіледі. Алайда бұл бір күндік немесе бір жылдық жұмыс емес. Орташа есеппен алғанда жоба 3 жылдан 5 жылға дейін созылады", - деді Көлгінов.
Айтуынша, былтыр электр беру желісін шығару бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қолға алынды, қазір ол сараптамадан өтіп жатыр. Ал биыл күзде ауқымды жоба іске асырыла бастайды.
Бірінші кезекте, жолдардың және инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған учаскелердегі үйлер, сол сияқты электр беру желісі астындағы үйлер бұзылады. Бұған қоса бұзылатын үйлердің құнын белгілеу, оларды сатып алу және бұзу жұмыстары жүргізіледі.
"Асан қайғы көшесінде қосымша электр қуаты қосылғаннан кейін Күлтегін көшесіндегі электр желісі демонтаждалады. Бас жоспарда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірледік. Жеке сектордың орнына әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешені, қоғамдық кеңістіктер бой көтереді", - деді шаһар басшысы.
Асан қайғы көшесінің өзінде 200-ден астам үй орналасқан. Мұнда біз Уәлиханов көшесіне параллель, инженерлік желілері толық сегіз жолақты жол салуды жоспарлап отырмыз. Міне осыдан кейін шағын аудан инвесторлар үшін де тартымды болмақ. Осылайша, биылдан бастап Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария және т.б. көшелердегі үйлерді кезең-кезеңімен бұзуды бастаймыз", - деп жазды елорда әкімі.