https://sputnik.kz/20220831/kaspiy-tenizi-balyqtar-qyryluy-27167174.html
Каспий теңізінде балықтар қырылды: ақпарат расталмады
Каспий теңізінде балықтар қырылды: ақпарат расталмады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, кефаль балығы жаппай қырылып жатыр" - деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат... 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T20:22+0500
2022-08-31T20:22+0500
2023-08-09T12:19+0500
өңірлер
каспий
балық
https://sputnik.kz/img/497/11/4971107_0:219:4288:2631_1920x0_80_0_0_b5db466642b19144e2ab749c88b141b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, кефаль балығы жаппай қырылып жатыр" - деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды "Хабар 24". Ол туралы бүгін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының мамандары мәлімдеді. Дабыл көтерілген 29 тамыздан бастап балық қорғау инспекциясына қарасты құрылымдар мен облыстық экология департаменті және ветеринарлардан құралған топ 2 күн бойы Каспий теңізінің Атырау облысына қарасты аумағын автокөлікпен, кеше тікұшақпен қарап шыққан. Әуеден бақылау кезінде теңіздің таяз жерлерінен балықтардың тобымен жүзіп жүргендерін көріпті. Бірақ жерге қонып, сынама алуға мүмкіндік болмаған. Мамандар өлген, әлсіреген балықтарды кездестірмегендерін айтады.Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Олар бүгін Маңғыстау облысына ұшып шықты. "Атап айтқанда, теңіз балық инспекциясының мамандары учаскелерінде 35 км шамасында көлікпен тексеріп жағалауда жүрген аңшылармен сұхбаттасып ондай фактінің тіркелмегенін анықтады. Жағалаудан өлген балықтар анықталған жоқ. Бүгін, 31 тамызда әуеден бақылау жұмысы жалғасын табады", - деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Мәншүк Темешова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/497/11/4971107_246:0:4043:2848_1920x0_80_0_0_5712b9b5107c25f90cd6995054056cb2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, балық
Каспий теңізінде балықтар қырылды: ақпарат расталмады
20:22 31.08.2022 (жаңартылды: 12:19 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, кефаль балығы жаппай қырылып жатыр" - деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды
"Хабар 24".
Ол туралы бүгін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының мамандары мәлімдеді.
Дабыл көтерілген 29 тамыздан бастап балық қорғау инспекциясына қарасты құрылымдар мен облыстық экология департаменті және ветеринарлардан құралған топ 2 күн бойы Каспий теңізінің Атырау облысына қарасты аумағын автокөлікпен, кеше тікұшақпен қарап шыққан.
Әуеден бақылау кезінде теңіздің таяз жерлерінен балықтардың тобымен жүзіп жүргендерін көріпті. Бірақ жерге қонып, сынама алуға мүмкіндік болмаған. Мамандар өлген, әлсіреген балықтарды кездестірмегендерін айтады.Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Олар бүгін Маңғыстау облысына ұшып шықты.
"Атап айтқанда, теңіз балық инспекциясының мамандары учаскелерінде 35 км шамасында көлікпен тексеріп жағалауда жүрген аңшылармен сұхбаттасып ондай фактінің тіркелмегенін анықтады. Жағалаудан өлген балықтар анықталған жоқ. Бүгін, 31 тамызда әуеден бақылау жұмысы жалғасын табады", - деді "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Мәншүк Темешова.