Горбачев қайтыс болды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуМихаил Горбачев
Михаил Горбачев - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз - Sputnik. КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев қайтыс болды, деп хабарлады Мәскеудегі Орталық клиникалық аурухана.
"Михаил Сергеевич Горбачев ауыр әрі ұзаққа созылған сырқаттан кейін бүгін кешке қайтыс болды", - деп хабарлады журналистерге Орталық клиникалық аурухана.
КСРО-ның экс-президенті биыл 91 жасқа толды.
Михаил Сергеевич Горбачёв 1931 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Нобель сыйлығының лауреаты (1990).
Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін (1955), Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын (1967) бітірген.
1955-1966 жылдары Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет етті.
1966-1967 жылдары – Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы;
1978-1985 жылдары – КОКП ОК-нің хатшысы;
1980 жылдан саяси бюро мүшесі;
1985-1991 жылдары – КОКП ОК-нің бас хатшысы;
1990-1990 жылдары – КСРО Жоғарғы кеңесінің төрағасы.
1990 жылы наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның президенті болып сайланды.
Горбачев 1991 жылдың желтоқсанынан бері Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер қорының (Горбачев қоры) президенті.
Жаңалықтар
0