https://sputnik.kz/20220831/1-qyrkuyekke-qaray-80-ge-zhuyq-zhana-mektep-ashylady-27145497.html
Жыл соңына дейін 230-дан астам жаңа мектеп ашылады
Жыл соңына дейін 230-дан астам жаңа мектеп ашылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру... 31.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-31T09:51+0500
2022-08-31T09:51+0500
2022-08-31T09:53+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_c4dc828a0ed6cc443b8496c1ca9486fa.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.Оның айтуынша, мектептерді заң бойынша әкімдіктер қаржыландырып, құрылысын жүргізеді."Мемлекеттік сатып алулар, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылым, құрылыс жұмыстарын оңтайландыру қажет, қазір онымен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Нақты құрылыс салу, әкімдіктердің мектеп салмай, үй салуға рұқсат беру тәжірибесі - ол бөлек мәселе. Соның салдарынан қазіргі мектептер бірден үш ауысымға айналады. Біз заң жүзінде мұндай мүмкіндікті толығымен жоюды талап етеміз", - деп толықтырды Бейсембаев.Жаңа мектептің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда салынып жатыр. Бұл Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.Өңірлердегі 200-ден астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_bf86cf344cc074009c5bb96ef81331c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
Жыл соңына дейін 230-дан астам жаңа мектеп ашылады
09:51 31.08.2022 (жаңартылды: 09:53 31.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін елімізде 1 000 мектеп салынады. Былтыр 277 мектеп пайдалануға берілді. Биыл тағы 230 мектепті ашу жоспарланып отыр. 1 қыркүйекке дейін 80 мектеп ашылады", - деді оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, мектептерді заң бойынша әкімдіктер қаржыландырып, құрылысын жүргізеді.
"Мемлекеттік сатып алулар, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылым, құрылыс жұмыстарын оңтайландыру қажет, қазір онымен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Нақты құрылыс салу, әкімдіктердің мектеп салмай, үй салуға рұқсат беру тәжірибесі - ол бөлек мәселе. Соның салдарынан қазіргі мектептер бірден үш ауысымға айналады. Біз заң жүзінде мұндай мүмкіндікті толығымен жоюды талап етеміз", - деп толықтырды Бейсембаев.
Жаңа мектептің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда салынып жатыр. Бұл Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.
Өңірлердегі 200-ден астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.