https://sputnik.kz/20220830/zhambyl-oblysynda-balalar-zhuk-poyyzy-27135726.html
Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп кетті
Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында екі кішкентай бала теміржол пойызынан секіріп кетті. Олар жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлады... 30.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-30T15:16+0500
2022-08-30T15:16+0500
2022-08-30T15:19+0500
өңірлер
жамбыл облысы
бала
әке
https://sputnik.kz/img/old/983/04/9830462_0:411:1200:1086_1920x0_80_0_0_ca9c0fd71423381d3ecd8e1abb7c8417.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында екі кішкентай бала теміржол пойызынан секіріп кетті. Олар жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.29 тамыз күні сағат 22.40-та көлік полициясына Жамбыл облысының тұрғыны, 53 жастағы шопаннан хабарлама келіп түскен. Ер адам Тамды-Таласта жүріп келе жатқан жүк пойызының вагондарында кәмелетке толмаған екі баланы көргенін айтқан.Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті.Тәртіп сақшылары 40 минуттың ішінде Билекөл ауылының маңында 9 жасар баланы, ал оның 7 жасар інісін теміржол рельстерінің жанынан, Жұма станциясы маңынан тапты. Балалар Талас аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.Тексеру кезінде балалар Қаратау ауылында анасымен бірге тұратыны анықталды. 29 тамызда Жамбыл ауданы Тамды ауылындағы әжесіне қонаққа барған.Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарыпты. Балалардың ата-анасы ажырасып кеткен. Тамды стансасында балалар жүк пойызының соңғы вагонына мінген. Жолда жүк пойызы жылдамдығын арттырғанда қорқып, Жұма станциясының маңында секіріп кеткен. Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі ("Темір жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://sputnik.kz/20220201/poyyzdar-kelinshekter-vagon-19252324.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/983/04/9830462_0:298:1200:1198_1920x0_80_0_0_bc8cf6f6a69ec96ab54d1f290ce8a96d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, бала, әке
Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп кетті
15:16 30.08.2022 (жаңартылды: 15:19 30.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында екі кішкентай бала теміржол пойызынан секіріп кетті. Олар жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлады
Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 тамыз күні сағат 22.40-та көлік полициясына Жамбыл облысының тұрғыны, 53 жастағы шопаннан хабарлама келіп түскен. Ер адам Тамды-Таласта жүріп келе жатқан жүк пойызының вагондарында кәмелетке толмаған екі баланы көргенін айтқан.
Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті.
Тәртіп сақшылары 40 минуттың ішінде Билекөл ауылының маңында 9 жасар баланы, ал оның 7 жасар інісін теміржол рельстерінің жанынан, Жұма станциясы маңынан тапты. Балалар Талас аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.
Тексеру кезінде балалар Қаратау ауылында анасымен бірге тұратыны анықталды. 29 тамызда Жамбыл ауданы Тамды ауылындағы әжесіне қонаққа барған.
Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарыпты. Балалардың ата-анасы ажырасып кеткен. Тамды стансасында балалар жүк пойызының соңғы вагонына мінген. Жолда жүк пойызы жылдамдығын арттырғанда қорқып, Жұма станциясының маңында секіріп кеткен.
Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі ("Темір жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.