Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскери-әуе күштерінің болашағы

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуИстребитель-бомбардировщик Су-30
Истребитель-бомбардировщик Су-30 - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2022
Жазылу
Вашингтондағылар Киевке белгілі бір көлемде қаражат бөлу және технологиялық тұрғыдан ескірген қару-жарақ жеткізу Ресейді жеңуге көмектесетініне әлі сеніп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ украиналық әскери-әуе күштерін қосалқы жабдықтау үшін Словакиядан жеткізілген МиГ-29 ескі реактивті жойғыш және кеңестік дәуірге жататын ұшақтарды басқаруға ауғандық ұшқыштарды дайындап жатыр. Бірақ, АҚШ-тың жанама әскери көмегі арнайы әскери операцияның ақырғы нәтижесіне ешқандай әсер ете алмайды.
29 тамызда ресейлік әскери-дипломатиялық саладағы дереккөз журналистерге бұрынғы Украина әскери-әуе күштеріндегі МиГ-29, Су-27 және Су-25 ұшақтарының білікті ұшқыш құрамын Ресей әскери-әуе күштері толық дерлік жойғанын хабарлады. Өткен тәулікте-ақ Запорожье облысы мен Донецк Халық Республикасында украиналық екі Су-25 шабуылдаушы ұшағын атып түсірді. Арнайы әскери операция басталғаннан бері 276 ұшақ, 148 тікұшақ және 1 832 пилотсыз ұшатын аппарат жойылды.
Украина президенті Владимир Зеленский Харьковтағы әскери университеттің біліктілігі жоқ курсанттарын соғысқа жұмылдыруы олардың бірінші немесе екінші ұшу кезінде көз жұмуына әкелді. Украина әуе күштеріндегі бұл шығынның орнын толтыру мақсатында Батыс елдері Польша мен басқа да батысеуропалық елдердегі кеңестік ұшақтарды тартуға тырысты.
"Бүгінде Пентагон АҚШ пен басқа да мемлекеттерге қашып, бас сауғалаған ауған ұшқыштарын Украина Қарулы күштеріне арнап дайындап жатыр. Қайта даярлау Калифорнияда басталады. Дегенмен, украин аспанында ауған әскерилерінің пайда болуы еуропалық әскери іс-қимыл театрындағы жағдайды өзгертпейді. Америкалық стандарттар бойынша құрылған ауған армиясы 2021 жылдың тамызында күл-талқан болды. Сондықтан Пентагонның бұл әрекеті шарасыздықтан туындап отыр деп пайымдауға болады", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, бразилиялық Tucano шабуылдаушы жеңіл ұшақтары оқу-жаттығуға арналған машина ретінде құрастырылған және оларды көтеріліске қарсы полиция операциялары кезінде қолданған. Tucano ұшағының жауынгерлік радиусы - 550 километр, пайдалы жүктемесі - 1500 килограмм (зеңбіректер, пулеметтер, авиабомбалар), крейсерлік жылдамдығы - 500 км/сағ. Ауғанстан армиясында жойғыш ұшақтар болмаған. Салыстырсақ, МиГ-29 ұшағының жер бетіндегі жылдамдығы сағатына 1500 километр, ең жоғарғы жылдамдығы – 2450 км/сағ.
Жойғыш ұшқышты басқаратын маманға әлдеқайда сапалы басқа дағдылар қажет. Оның үстіне, жақында ғана 48 километрге дейін жететін америкалық AGM-88 HARM радиолокациялық шабуылға қарсы зымырандары украиналық МиГ-29 ұшақтардың қару-жарақ кешеніне біріктірілді. Зымырандарды қолдану электрониканы білікті қолдануды және қарсы тараптың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне қатысты маневрлі әрекет етуді талап етеді.
Америкалық Air Force Magazine басылымы "кеңестік" ұшақтардан батыстық үлгідегі әуе көлігіне көшу ұшқыштардан ойлауды өзгертуді және басқа тактиканы игеруді қажет етеді , ал бұл оңай шаруа емес. Румыния әскери-әуе күштері F-16 жойғыш ұшақтарына көшуіне он жылға жуық уақыт кетті және ұшқыштар қажетті дайындық деңгейіне әлі жете қойған жоқ. Ал ресейлік арнайы әскери операция қызып жатқан шақта Киевте жаңа тактиканы игеруге уақыт жоқ.
"Словакияның қорғаныс министрлігі қолданыстан шығарылған МиГ-29 жойғыштары тамыздың соңы-қыркүйектің басында Украинаға жөнелтілетінін (сатылатынын) хабарлады. Жақын арада украиналық жойғыштар флотының қатары толығады. Бірақ ескірген металл өздігінен соғыса алмайды және тәжірибелі ұшқыштарды алмастырмайды", - деп жазды әскери шолушы.
11 дана словакиялық МиГ-29 жойғыштарын шын мәнінде Украинада орналастыратын орын жоқ, негізгі базалар жойылды, кез келген аэродром ресейлік зымыран жүйелерінің нысанасына айналды. Жаңа аэродром Украинаның батысындағы аймақтардың бірінде жабдықталса да, шетелдік экипаж бар ондаған словакиялық МиГ бір апта ішінде "демилитаризациялануы" ықтимал.
Мысалы, Ровенск облысында соңғы күндері НАТО қару-жарағы жеткізілген және Харьков пен Славян-Краматорск аймағына жеткізуге арналған күштер шоғырланған Украина Қарулы күштерінің нысандарында жарылыстар жиіледі.
"АҚШ пен тағы 50-ге жуық ел Украинаға өз әскерін технологиялық тұрғыдан ескірген НАТО қаруларымен нығайтуға көмектесіп жатыр. Ал америкалық F-16 жойғыш ұшақтарын Киев режиміне беру мәселесі Конгресте әлі де бірауызды шешімін таппай жатыр. Бұл мәселе Еуропадағы әскери шиеленістің күшею қаупінің жоғары болуына және АҚШ-тың солтүстікамерикалық аумағында тікелей әскери қауіпке байланысты талқылаудан арыға бармайды", - деп жазды Александжр Хроленко.
Оның мәліметінше, АҚШ пен НАТО-ның әскери көмегі Украина Қарулы күштерінің жеңілісін біршама уақытқа ғана кейінге қалдырып, арнайы әскери операцияның ақырғы нәтижесіне әсер ете алмайды. Украина әуе күштерінің білікті ұшқыштар құрамы жойылған, ал Батыста Киев режиміне арналған қару-жарақ таусылуға жақын.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0