https://sputnik.kz/20220830/qazaqstandyqtar-konstitutsiya-kuni-27105753.html
Қазақстандықтар Конституция күнін атап өтіп жатыр
Қазақстандықтар Конституция күнін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Биыл мемлекеттік мерекеге орай қазақстандықтар үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады 30.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-30T08:00+0500
2022-08-30T08:00+0500
2022-08-30T08:00+0500
қоғам
конституция күні
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777550_0:145:3127:1904_1920x0_80_0_0_5421da77b74be12f7bf6ff7c5eead298.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Бүгін, 30 тамыз Қазақстан халқы Конституция күнін мерекелеп жатыр. Биыл Ата заңға 27 жыл толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Алайда ол ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай келмеді. Сол себепті араға екі жыл салып жалпыхалықтық референдум негізінде 9 тараудан және 98 баптан тұратын жаңа Конституция қабылданды.Айта кетері, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі саналады.Конституция қалай өзгердіҚазақстан егемен ел атанғалы бері Ата заңның баптарына бірнеше рет өзгеріс енгізілді. Ал соңғы рет Конституция биыл жазда өзгерді.5 маусымда елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп, қазақстандықтар Конституцияның жаңа нұсқасын қолдап дауыс берді. Әсіресе, негізгі заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесінің алынып тасталуы қоғамда қызу талқыланды. Атап айтқанда, 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырым және оның Елбасы (ұлт көшбасшысы) мәртебесі алынды.Бұдан бөлек енді жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болады.Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Депутаттарды сайлау жүйесі де өзгерді.Сондай-ақ елімізде Конституциялық сот құрылып, қазақстандықтар оған өз бетінше жүгіне алады. Өлім жазасына тыйым салынады.Айта кетері, осы жолғы референдум арқылы қабылданған Конституция 99-баппен толықтырылды. Енді Қазақстанның Ата заңы 9 тараудан және 99 баптан тұрады.Республикалық референдумға дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты. Соның ішінде халықтың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді. 18,66 проценті немесе 1 490 470 адам қарсы шықты.Мереке қалай тойланадыҚазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке саналады. Осыған байланысты ел азаматтары мереке күні демалады. Биыл 30 тамыз сейсенбіге түсіп тұр, сол себепті үкімет сенбі, 27 тамыз демалыс күнін дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырды. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.Әдетте, мереке күні ел астанасы мен облыстарында мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, мейрам жоғары деңгейде аталып өтеді.Мереке күндері Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарын қандай мәдени және спорт шаралары күтіп тұрғанын толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777550_198:0:2929:2048_1920x0_80_0_0_afb4a8fd7d9bbdb12d30bb89f6a8b54b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституция күні
Қазақстандықтар Конституция күнін атап өтіп жатыр
Биыл мемлекеттік мерекеге орай қазақстандықтар үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Бүгін, 30 тамыз Қазақстан халқы Конституция күнін мерекелеп жатыр. Биыл Ата заңға 27 жыл толды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Алайда ол ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай келмеді. Сол себепті араға екі жыл салып жалпыхалықтық референдум негізінде 9 тараудан және 98 баптан тұратын жаңа Конституция қабылданды.
Айта кетері, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі саналады.
Конституция қалай өзгерді
Қазақстан егемен ел атанғалы бері Ата заңның баптарына бірнеше рет өзгеріс енгізілді. Ал соңғы рет Конституция биыл жазда өзгерді.
5 маусымда елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп, қазақстандықтар Конституцияның жаңа нұсқасын қолдап дауыс берді. Әсіресе, негізгі заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесінің алынып тасталуы қоғамда қызу талқыланды. Атап айтқанда, 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырым және оның Елбасы (ұлт көшбасшысы) мәртебесі алынды.
Бұдан бөлек енді жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болады.
Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқару құқығынан айырылды. Депутаттарды сайлау жүйесі де өзгерді.
Сондай-ақ елімізде Конституциялық сот құрылып, қазақстандықтар оған өз бетінше жүгіне алады. Өлім жазасына тыйым салынады.
Айта кетері, осы жолғы референдум арқылы қабылданған Конституция 99-баппен толықтырылды. Енді Қазақстанның Ата заңы 9 тараудан және 99 баптан тұрады.
Республикалық референдумға дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты. Соның ішінде халықтың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді. 18,66 проценті немесе 1 490 470 адам қарсы шықты.
Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке саналады. Осыған байланысты ел азаматтары мереке күні демалады. Биыл 30 тамыз сейсенбіге түсіп тұр, сол себепті үкімет сенбі, 27 тамыз демалыс күнін дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырды. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.
Әдетте, мереке күні ел астанасы мен облыстарында мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, мейрам жоғары деңгейде аталып өтеді.
Мереке күндері Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарын қандай мәдени және спорт шаралары күтіп тұрғанын толығырақ
мына жерден оқи аласыз.