Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанада жас жігіт құрылыс алаңында көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневСтройка
Стройка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Елордада 20 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды.
Қайғылы оқиға демалыс күні болған. 20 жастағы жігіт мұнара кранының кабинасынан құлап түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.
"28 тамызда сағат 10.15 шамасында Сауран құрылыс нысанында қайғылы жағдайдың орын алғаны туралы хабарлама түсті. Мұнара кранымен жұмыс кезінде оның кабинасынан 2002 жылы туған ер адам құлап түскені анықталды", - делінген хабарламада.
Алған жарақаттан жігіт сол жерде көз жұмды.
Жаңалықтар
0