Елордалық ұландар жоғалған сөмкені иесіне қайтарды

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сөмкесін жоғалтып алған елорда тұрғынына көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
29 тамыз күні кешкісін сағат 23:10 шамасында елорданың "Сарыарқа" ауданында қызметте жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрдәулет Хамитов пен патрульшілер қатардағы Виктор Сенченко мен Руслан Магомадов орындықта тұрған сөмкені көреді. Осыдан кейін олар бұл туралы автомобиль патрулінің бастығы аға лейтенант Е. Омаровқа баяндаған.
Біраз уақыттан кейін әскери жасаққа әйел адам келіп, осы аймақта жоғалған сөмкесін тауып беруді сұраған. Әскерилер оның шынымен заттың иесі екеніне көз жеткізіп, сөмкені оның қолына тапсырған.
қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2022
Елордада ұландықтар жоғалған қызды табуға көмектесті
Жаңалықтар
0