Спорт

Александр Бублик US Open турнирінің екінші айналымына шықты

© PhotoАлександр Бублик
Александр Бублик  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2022
Жазылу
Келесі раундта Бублик испаниялық Пабло Каррьеньо-Бустамен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстан өкілі Александр Бублик АҚШ Ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Турнирдің басында ол француз Юго Гастонды 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 46 минутты құрады.
Келесі айналымда Бублик испаниялық Пабло Каррьеньо-Бустамен кездеседі. Пабло алғашқы кезеңдегі матчта австриялық Доминик Тимнан басым түскен еді.
АҚШ Ашық чемпионаты 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстардың жалпы жүлде қоры 60 млн долларды құрайды. Турнирдің қазіргі жеңімпазы – ресейлік теннисші Даниил Медведев. Ол былтыр финалдық матчта серб Новак Джоковичті жеңген болатын.
Жаңалықтар
0