https://sputnik.kz/20220829/pavlodarda-zhol-apaty-kezinde-zhayau-zhurginshi-kolik-tobesine-ushyp-tusti-27127049.html
Павлодарда жол апаты кезінде жаяу жүргінші көлік төбесіне ұшып түсті
Павлодарда жол апаты кезінде жаяу жүргінші көлік төбесіне ұшып түсті
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды 29.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-29T19:18+0500
2022-08-29T19:18+0500
2023-08-10T11:58+0500
жаяу жүргінші
жол апаты
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
НҰР-СҰЛТАН , 29 тамыз – Sputnik. Павлодарда жолдан өтіп бара жатқан тұрғын өзін қағып кеткен көліктің төбесіне шығып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.Видеода ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқаны көрініп тұр. Бір көлік тоқтап, оны өткізіп жатқанда, ер адам жүрісін жылдамдатады. Осы кезде жаяу жүргіншіні көрмеген басқа көлік оны қағып кетеді де, ер адам қатты соққыдан оның көлігінің төбесінен бір-ақ шыққан.Оқиға 26 тамызда Мәшһүр Жүсіп пен Павел Васильев көшелерінің қиылысында болған."43 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінде жолдан өтіп бара жатқан 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жол апаты салдарынан сүйектері сынған жаяу жүргінші Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - дейді полицейлер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаяу жүргінші, жол апаты
Павлодарда жол апаты кезінде жаяу жүргінші көлік төбесіне ұшып түсті
19:18 29.08.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды
НҰР-СҰЛТАН , 29 тамыз – Sputnik. Павлодарда жолдан өтіп бара жатқан тұрғын өзін қағып кеткен көліктің төбесіне шығып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Видеода ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінен өтіп бара жатқаны көрініп тұр. Бір көлік тоқтап, оны өткізіп жатқанда, ер адам жүрісін жылдамдатады. Осы кезде жаяу жүргіншіні көрмеген басқа көлік оны қағып кетеді де, ер адам қатты соққыдан оның көлігінің төбесінен бір-ақ шыққан.
Оқиға 26 тамызда Мәшһүр Жүсіп пен Павел Васильев көшелерінің қиылысында болған.
"43 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігінде жолдан өтіп бара жатқан 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жол апаты салдарынан сүйектері сынған жаяу жүргінші Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - дейді полицейлер.