https://sputnik.kz/20220829/flyarystan-mugedekterge-arnalgan-arbany-ushaqqa-alyp-kiruge-ruqsat-etpedi-27127904.html
FlyArystan мүгедектерге арналған арбаны ұшаққа алып кіруге рұқсат етпеді
FlyArystan мүгедектерге арналған арбаны ұшаққа алып кіруге рұқсат етпеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жолаушыға мүгедектер арбасын қол жүгі ретінде әкетуге рұқсат... 29.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-29T17:56+0500
2022-08-29T17:56+0500
2022-08-29T17:56+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25252428_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_e9049176c6d1327734780c3f7147e637.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жолаушыға мүгедектер арбасын қол жүгі ретінде әкетуге рұқсат етпеді.Бұл туралы әлеуметтік желіде жолаушының өзі – Нияз Сүндетәлиев хабарлады. Ол 29 тамызда Алматы әуежайында FlyArystan қызметкерлері бортқа мүгедектер арбасын алудан бас тартқанын жазды.Алайда ол 26 тамызда дәл сол арбамен Қарағандыдан Алматыға FlyArystan әуе компаниясының ұшағымен еш қиындықсыз жеткен."Арбамды не істеу керектігін талқылауға жарты сағат уақыт кетті. Осы 30 минутта маған мүлдем жарамсыз, бас тірейтін жабдығы қарастырылмаған, арқасы қатты және орындығы жұмсақ арбада отыруға мәжбүр болдым. Өкінішке қарай, мен сал болып қалғанмын, сондықтан белімді ұстай алмаймын", – деп түсіндірді жолаушы.Бұл оқиға бойынша Азаматтық авиация комитеті тексеру жүргізетіні белгілі болды."Әуе компаниясы тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда комитет қолданыстағы заңнамада көзделген шараларды қабылдайды. Жұмыс нәтижесі бойынша ақпарат ұсынамыз", - деп түсіндірді комитеттегілер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25252428_88:0:1512:1068_1920x0_80_0_0_20459d8cbd9f421a7ce4b29ddc0b576b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жолаушыға мүгедектер арбасын қол жүгі ретінде әкетуге рұқсат етпеді.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жолаушының өзі – Нияз Сүндетәлиев хабарлады. Ол 29 тамызда Алматы әуежайында FlyArystan қызметкерлері бортқа мүгедектер арбасын алудан бас тартқанын жазды.
"Біз сағат 23.05-те ұшуымыз керек еді, бірақ рейс еш себепсіз кешіктіріліп, 02.35-те ғана әуеге көтерілдік. Жол жүгін тапсыру кезінде әуе компаниясының өкілін шақырды. Ол арбаны ұшақ бортына кіргізбейтінін, себебі өз бетімше клемманы ажыратып, басқару пультін ағытуым керек екен. Бірақ менің саусақтарым қимылдамаса, оны қалай жасаймын", - деп жазды Сүндетәлиев.
Алайда ол 26 тамызда дәл сол арбамен Қарағандыдан Алматыға FlyArystan әуе компаниясының ұшағымен еш қиындықсыз жеткен.
"Арбамды не істеу керектігін талқылауға жарты сағат уақыт кетті. Осы 30 минутта маған мүлдем жарамсыз, бас тірейтін жабдығы қарастырылмаған, арқасы қатты және орындығы жұмсақ арбада отыруға мәжбүр болдым. Өкінішке қарай, мен сал болып қалғанмын, сондықтан белімді ұстай алмаймын", – деп түсіндірді жолаушы.
Бұл оқиға бойынша Азаматтық авиация комитеті тексеру жүргізетіні белгілі болды.
"Әуе компаниясы тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда комитет қолданыстағы заңнамада көзделген шараларды қабылдайды. Жұмыс нәтижесі бойынша ақпарат ұсынамыз", - деп түсіндірді комитеттегілер.