Ақтөбеде көлік жарылып кетті

© PhotoАвтомобиль взорвался в Актобе
Автомобиль взорвался в Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2022
Жазылу
60 жастағы жүргізуші денесінің 70%-ін күйік шалған
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде "Лада Гранта" көлігі өртеніп, жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Оқиға "Авиатор" бағбандық нысан жанында, Синойл жанармай құю станциясы аумағында болды, деп хабарлайды "Диапазон".
Анықталғандай, көлік газ-ауа қоспасының жарылуынан өртенген. Оқиға орнына 6 құтқарушы жетті.
1962 жылы туған жүргізуші күйік шалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 70%-ін күйік шалған.
Өрт сағат 09:19-да сөндірілді.
Жаңалықтар
0