Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсіп, біреуі ағашқа соғылды

© Sputnik / Стрингержол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Алматыда Ақан сері-Дулатов қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Nissan Micra Ақан сері көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде Дулатова көшесімен келе жатқан Volkswagen Nissan Micra көлігіне соғылады. Қатты соққыдан қарсы бетке шығып кеткен Nissan Micra Ақан сері көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Nissan Maxima көлігімен соқтығысады.
Nissan Maxima қатты соққыдан арықтан ұшып өтіп, ағашқа соғылады.
Жол апатынан Volkswagen жүргізушісі зардап шекті, ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар Nissan Micra ішінде отырған әйел мен екі бала жарақат алды. Балалардың бірі – 1 жаста, ол қатты соққыдан көліктен ұшып кеткен.
Жаңалықтар
0