Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 18%-ке қымбаттады

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың 16 тамызына қарай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар бір аптада 0,2%-ке, ай басынан бері 0,4%-ке және бір жылда 18,1%-ке қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлады.
Елдің ірі қалаларының ішінде ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (бір жылда 21,2%), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жыл сайынғы өсуі Қостанайда (15,8%-ке), Петропавлда (16,8%-ке) және Қарағандыда (17,8%-ке) тіркелді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арасында жылдық қарқында ең қымбаттағаны қант: бірден 92,7%-ке. Сондай-ақ пияздың (бір жылда 55,5%-ке), қарақұмықтың (26,5%-ке), тауық етінің (23,5%-ке) және келілеп сатылатын макаарон өнімдерінің (23,2%-ке) бағасы қатты қымбаттаған.
Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының ішінде сәбіз (19%-ке) және ақбас қырыққабат (6,7%-ке) арзандағаны тіркелді.
Жалпы, осы жылдың шілде айында азық-түлік бағасы айына 1%-ке, жыл басынан бері 16,9%-ке және бір жылда 19,7%-ке өсті.

"Өңір бойынша қарастырғанда ай сайынғы динамикада бағаның ең қатты қымбаттағаны Павлодар (2%-ке), Ақмола (1,9%-ке) және Абай (1,7%-ке) облыстарында тіркелді. Ай сайынғы бағаның ең аз өсімі Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында байқалды: 0,4%", - деп жазылған материалда.

Жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Маңғыстау (24%-ке), Ақтөбе (22,4%-ке) және Атырау (21,5%-ке) облыстарында тіркелді.
Азық-түлік тауарларының шағын топтарына келер болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша бір айда нан өнімдері мен жарма бағасы қатты қымбаттаған: 2,9%-ке. Ет және ет өнімдері – 1,4%-ке, балық және теңіз өнімдері – 1,3%-ке, сүт өнімдері – 1,7%-ке, жұмыртқа – 2,4%-ке, майлар – 1,4%-ке, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер 4,3%-ке қымбаттады. Ал маусымдылығына байланысты жеміс-жидек пен көкөніс бағасы бір айда 4,3%-ке арзандаған.
Жылдық қарқын бойынша нан өнімдері мен жарма 26%-ке, ет және ет өнімдері – 14,3%-ке, балық және теңіз өнімдері – 18,8%-ке, сүт өнімдері – 22,7%-ке, майлар – 15,3%-ке, жемістер мен көкөністер - 14,5%-ке, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер - 44,2%-ке, жұмыртқа - 6,6%-ке қымбаттады.
Жаңалықтар
0