https://sputnik.kz/20220828/zhelide-toqaev-atyndagy-qordyn-aleumettik-komek-korsetip-zhatqany-turaly-aqparat-tarady-27112829.html
Желіде Тоқаев атындағы қордың әлеуметтік көмек көрсетіп жатқаны туралы ақпарат тарады
Желіде Тоқаев атындағы қордың әлеуметтік көмек көрсетіп жатқаны туралы ақпарат тарады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол... 28.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-28T10:46+0500
2022-08-28T10:46+0500
2022-08-28T10:46+0500
қайырымдылық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4edf2ae444e8e038b47705806a657b89.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда. Хабарламаға сәйкес, бұл көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады. Бұл – жалған ақпарат. Іс жүзінде Қазақстан президенті атындағы әлеуметтік қор жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.Елімізде президенттіің тапсырмасы бойынша құрылған, бірақ оның есімімен аталмайтын "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Қор қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Әдетте, жәрдем ақшалай емес түрде көрсетіледі. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға "Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fdd4a6b03e65e78ec66483955930b57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық
Желіде Тоқаев атындағы қордың әлеуметтік көмек көрсетіп жатқаны туралы ақпарат тарады
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда "Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан" әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда.
Хабарламаға сәйкес, бұл көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады. Бұл – жалған ақпарат. Іс жүзінде Қазақстан президенті атындағы әлеуметтік қор жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.
Елімізде президенттіің тапсырмасы бойынша құрылған, бірақ оның есімімен аталмайтын "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Қор қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қол ұшын созады. Көмек үміткерге ресми сайт арқылы берілген өтініші мақұлданғаннан кейін ғана ұсынылады. Әдетте, жәрдем ақшалай емес түрде көрсетіледі. Қор емделуге, оқуға, дәрілік заттарды сатып алуға қаржы береді.
Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға "Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.