https://sputnik.kz/20220828/soltustik-qazaqstannan-bioetanol-belgiya-men-ulybritaniyaga-zhoneltiledi-27120171.html
Солтүстік Қазақстаннан биоэтанол Бельгия мен Ұлыбританияға жөнелтіледі
Солтүстік Қазақстаннан биоэтанол Бельгия мен Ұлыбританияға жөнелтіледі
Sputnik Қазақстан
Ал Солтүстік Қазақстандағы BioOperations зауытында өндірілген глютен мен крахмал бүкіл әлемге, атап айтқанда Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Норвегияға, ТМД... 28.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-28T16:23+0500
2022-08-28T16:23+0500
2022-08-28T16:23+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1c/27117470_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_27af4098ae7ea8dc1e899827b54df5d0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан BioOperations зауыты биоэтанолды Бельгия мен Ұлыбританияға жөнелтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Солтүстік Қазақстан облысында "Dalasy Qazynaly Qyzyljar" атты республикалық мал өсірушілер слеті өтіп, оған қатысушылар үшін бірқатар нысанға, оның ішінде белгілі "BioOperations" ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырылды. Кәсіпорын биоэтанол, бидай желімшесі, крахмал, ұн және жем өнімдерін шығарады. Бұл зауыттың Қазақстанда да, ТМД елдерінде де аналогы жоқ. Зауыт тәулігіне 70 текше метрден астам этанол шығарады."BioOperations" ЖШС басшысы Евгений Келин қонақтарға биоэтанолдың , яяғни биомассадан және бидайды терең өңдеу процесінде шығатын қалдықтардан алынатын биоотын бір жылдық келіссөздерден кейін еуропалық тұтынушыларға жөнелтілгенін айтты. Балтық порттары арқылы Роттердамға (Нидерланды) 6,5 мың текше метр отын екі кемемен жөнелтілді."Бүгінгі күні Бельгиямен келісімшарт жабылды және Ұлыбританиямен өнімнің үлкен көлеміне жаңа келісімшарт жасалды. Еуропалықтар экологиялық тазалық пен сапаны мұқият қадағалайды. Әзірше Ұлыбританияға жеткізілетін жоспарлы көлем туралы айта алмаймыз. Өйткені бұл коммерциялық құпия", - деді Евгений Келин.Ол ең жоғары талаптарға сәйкес келетін қазақстандық биоэтанолдың жоғары технологиялық өндірісі сегіз жылдан астам тоқтап тұрған зауытқа салынған инвестицияның арқасында мүмкін болғанын атап өтті."Таңдалған стратегияны сәтті жүзеге асыру қазіргі уақытта "BioOperations" зауытының астық өңдеудің флагманы атануына және өнімдері әлемнің елінің нарығында танымал Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі кәсіпорын болуына әкелді", - деді Келин.Ол зауытта өндірілген глютен мен крахмал Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Норвегияға, ТМД елдеріне және Еуроодаққа, ұн Ауғанстанға экспортталатынын атап өтті.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1c/27117470_106:0:1815:1282_1920x0_80_0_0_cb8121cbe7f30016e0a6d0bb411edcc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстаннан биоэтанол Бельгия мен Ұлыбританияға жөнелтіледі
Ал Солтүстік Қазақстандағы BioOperations зауытында өндірілген глютен мен крахмал бүкіл әлемге, атап айтқанда Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Норвегияға, ТМД елдеріне және Еуроодаққа экспортталады
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан BioOperations зауыты биоэтанолды Бельгия мен Ұлыбританияға жөнелтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында "Dalasy Qazynaly Qyzyljar" атты республикалық мал өсірушілер слеті өтіп, оған қатысушылар үшін бірқатар нысанға, оның ішінде белгілі "BioOperations" ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырылды. Кәсіпорын биоэтанол, бидай желімшесі, крахмал, ұн және жем өнімдерін шығарады. Бұл зауыттың Қазақстанда да, ТМД елдерінде де аналогы жоқ. Зауыт тәулігіне 70 текше метрден астам этанол шығарады.
"BioOperations" ЖШС басшысы Евгений Келин қонақтарға биоэтанолдың , яяғни биомассадан және бидайды терең өңдеу процесінде шығатын қалдықтардан алынатын биоотын бір жылдық келіссөздерден кейін еуропалық тұтынушыларға жөнелтілгенін айтты. Балтық порттары арқылы Роттердамға (Нидерланды) 6,5 мың текше метр отын екі кемемен жөнелтілді.
"Бүгінгі күні Бельгиямен келісімшарт жабылды және Ұлыбританиямен өнімнің үлкен көлеміне жаңа келісімшарт жасалды. Еуропалықтар экологиялық тазалық пен сапаны мұқият қадағалайды. Әзірше Ұлыбританияға жеткізілетін жоспарлы көлем туралы айта алмаймыз. Өйткені бұл коммерциялық құпия", - деді Евгений Келин.
Ол ең жоғары талаптарға сәйкес келетін қазақстандық биоэтанолдың жоғары технологиялық өндірісі сегіз жылдан астам тоқтап тұрған зауытқа салынған инвестицияның арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
"Таңдалған стратегияны сәтті жүзеге асыру қазіргі уақытта "BioOperations" зауытының астық өңдеудің флагманы атануына және өнімдері әлемнің елінің нарығында танымал Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі кәсіпорын болуына әкелді", - деді Келин.
Ол зауытта өндірілген глютен мен крахмал Үндістанға, АҚШ-қа, Колумбияға, Норвегияға, ТМД елдеріне және Еуроодаққа, ұн Ауғанстанға экспортталатынын атап өтті.