https://sputnik.kz/20220828/resey-mig-31i-zhoygysh-ushagynyn-mumkindikterin-korsetti-27050901.html
Ресей МиГ-31И жойғыш ұшағының мүмкіндіктерін көрсетті
Ресей МиГ-31И жойғыш ұшағының мүмкіндіктерін көрсетті
Sputnik Қазақстан
НАТО-ның Ескі Әлемдегі әскери әлеуетін кеңейтуіне және Пентагонның прокси-операциясына қатысты Ресей Балтық өңірінде гипердыбысты зымыран кешендерін... 28.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-28T19:50+0500
2022-08-28T19:50+0500
2022-08-28T19:50+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15321071_41:0:3682:2048_1920x0_80_0_0_dffb164a790070d134386533a29de2f6.jpg
НАТО-ның Ескі Әлемдегі әскери әлеуетін кеңейтуіне және Пентагонның прокси-операциясына қатысты Ресей Балтық өңірінде гипердыбысты зымыран кешендерін орналастыру арқылы жауап беріп, бүгінде "Кинжалдар" бүкіл Еуропа мен Атлантиканы нысанада ұстап тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Калининград маңындағы Чкаловск авиабазасындағы МиГ-31И модернизацияланған ауыр жойғыш ұшақтары стратегиялық тежеудің маңызды құралына айналды.Батыс Балтық аймағында алдыңғы қатарда МиГ-31И соққы жасаушы жойғыш техниканың соңғы модификациясы пайда болуына алаңдаушылық танытты. Өйткені бұл машинаның жанармай құюсыз соғысу радиусы 1200 километрді құрайды. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "қосымша стратегиялық тежеу шараларын жүзеге асыру аясында" үш МиГ-31И ұшақ жүйесі Калининград маңында орналастырылған.Айта кету керек, стратегиялық тежеу тәулік бойы жүргізілетін жауынгерлік кезекшілікті және МиГ-31И бортында ядролық оқтұмсықтардың болуын білдіреді."Кинжал" Х-47М2 гипердыбыстық зымыранының ұшу қашықтығы 2000 километрді құрайды және Батыста оны әлемдегі ең қуатты тактикалық зымыран деп есептеуі кездейсоқ емес. Калининград облысының әуе кеңістігінен НАТО-ның Еуропадағы кез келген әскери нысанын алты минут ішінде (ең ұзақ уақыт) кепілді түрде жоюға болады.МиГ-31И платформасындағы жоғары технологиялық "Кинжал" әуе кешені Ресейге Еуропадағы НАТО күштеріне жойқын тойтарыс көрсетуге мүмкіндік береді. Х-47М2 гипердыбыстық зымыраны әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен жақсы қорғалған нысандарды, атап айтқанда, жер үсті кемелері (авиатасымалдағыштар), аэродромдар (әуе базалары) және терең жасырылған командалық пункттерге соққы жасауға қабілетті. 10 Мах деңгейіндегі жылдамдығы (сағатына шамамен 12 мың километр), жоғары дәлдігі, әсерлі маневр және үлкен қашықтығы "Кинжалды" үлкен кинетикалық энергияның арқасында ядролық қарусыз-ақ жойқын техника етіп тұр."Соғыс жағдайында Ресей наурыз айында әуеден ұшырылатын гипердыбыстық зымыранның мүмкіндіктерін алғаш рет көрсетіп, Украинаның батысындағы Украина қарулы күштерінің стратегиялық жерасты арсеналын бір соққымен жойды. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, одан кейін "Кинжалдар" Украинадағы арнайы әскери операция кезінде тағы екі маңызды нысанаға сәтті соққы жасады", - деп жазды Хроленко.МиГ-31И модификациясының тактика-техникалық сипаттамасы мен ерекшелігі жария етілген жоқ. Бірақ ауыр жойғыш ұшақтың үнемі жетілдіріліп, жауынгерлік қуаты арттырылып жатқаны белгілі.Жаңа электрониканың интеграциялануы ұшқыштарға өз міндеттерін тиімдірек орындауға мүмкіндік береді - жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану немесе қарсыластың жоғары технологиялық жүйелеріне тойтарыс беру. Military Watch америкалық басылымы МиГ-31И жойғыш ұшағы Жерден 19 километрден астам биіктікте ғарыш кемесін ұшыруға немесе 400 километрге дейінгі қашықтығы бар гипердыбыстық зымырандарды қолдануға арналған деп санайды.1997 жылдан бастап Микоян атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы МиГ-31 ұшағын пайдалана отырып, Жерге жақын орбитаға ғарыш аппараттарын шығару жүйесін әзірлеумен айналысқаны белгілі. Конструкторлық бюросының МиГ-31Д спутникке қарсы жойғыш ұшағын құрастырудағы тәжірибесі негіз болды. Кейінірек Жерге жақын орбитаға арналған шағын спутниктерді шығару үшін Ресей мен Қазақстан "Есіл" аэроғарыш жүйесін әзірледі. Мәскеу жылу техника институтының МиГ-31И ұшағы мен қатты отынды зымыраны салмағы 160 килограмм жер серігін биіктігі 300 километр орбитаға шығаруы керек еді. Дегенмен, бүгінгі МиГ-31И ескі тәжірибенің қайталау болуы екіталай.Тіпті жүздеген модернизацияланған МиГ-31БМ жойғыш ұшақтарының қазіргі технологиялық озықтығы МиГ-31М модификациясын жолда қалдырды. Әуе нысаналарын анықтау қашықтығы 320 километрге дейін, жою қашықтығы 280 километрге дейін артты.Төрт МиГ-31БМ ұшағынан құрылған топ 1000 километрге дейінгі (Мәскеуден Краснодарға дейінгі) әуе кеңістігін қорғауға қабілетті. Жаңа "Заслон-М" қаруды басқару жүйесі МиГ-31БМ ұшағына қарсыластың төмен орбиталық спутниктеріне қарсы дәлдігі жоғары қаруды қолдануға мүмкіндік береді. Кейінірек МиГ-31К модификациялы жойғыш ұшағы пайда болды (жаңа борт жабдығы, ұлғайтылған жанармай қорй, арнайы байланыс аппараты). Ол 9 тонна әскери жүкпен 25 километр биіктікке көтеріліп, 3000 км/сағ жылдамдыққа дейін (2.83 Мах) қозғалысты үдетіп, төрт тонналық "Кинжалды" іске қоса алды.МиГ-31И модификациясының опциялары әлдеқайда қуатты екені, сондықтан Батыстың НАТО-ны Шығысқа қарай кеңеюін қайта қарастыруға мәжбүрлеп отырғаны белгілі. Қазір Ресей соққы жасау авиациясын соғыста қолдану аясында жаңа технологиялық революция әкелетін алтыншы буынға жататын көпмақсатты жойғыш МиГ-41 ұшағын дайындап жатыр.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15321071_864:0:3595:2048_1920x0_80_0_0_6c2a4e88dfdcef980edc0651831ca528.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
НАТО-ның Ескі Әлемдегі әскери әлеуетін кеңейтуіне және Пентагонның прокси-операциясына қатысты Ресей Балтық өңірінде гипердыбысты зымыран кешендерін орналастыру арқылы жауап беріп, бүгінде "Кинжалдар" бүкіл Еуропа мен Атлантиканы нысанада ұстап тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Калининград маңындағы Чкаловск авиабазасындағы МиГ-31И модернизацияланған ауыр жойғыш ұшақтары стратегиялық тежеудің маңызды құралына айналды.
Батыс Балтық аймағында алдыңғы қатарда МиГ-31И соққы жасаушы жойғыш техниканың соңғы модификациясы пайда болуына алаңдаушылық танытты. Өйткені бұл машинаның жанармай құюсыз соғысу радиусы 1200 километрді құрайды. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "қосымша стратегиялық тежеу шараларын жүзеге асыру аясында" үш МиГ-31И ұшақ жүйесі Калининград маңында орналастырылған.
Айта кету керек, стратегиялық тежеу тәулік бойы жүргізілетін жауынгерлік кезекшілікті және МиГ-31И бортында ядролық оқтұмсықтардың болуын білдіреді."Кинжал" Х-47М2 гипердыбыстық зымыранының ұшу қашықтығы 2000 километрді құрайды және Батыста оны әлемдегі ең қуатты тактикалық зымыран деп есептеуі кездейсоқ емес. Калининград облысының әуе кеңістігінен НАТО-ның Еуропадағы кез келген әскери нысанын алты минут ішінде (ең ұзақ уақыт) кепілді түрде жоюға болады.
МиГ-31И платформасындағы жоғары технологиялық "Кинжал" әуе кешені Ресейге Еуропадағы НАТО күштеріне жойқын тойтарыс көрсетуге мүмкіндік береді. Х-47М2 гипердыбыстық зымыраны әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен жақсы қорғалған нысандарды, атап айтқанда, жер үсті кемелері (авиатасымалдағыштар), аэродромдар (әуе базалары) және терең жасырылған командалық пункттерге соққы жасауға қабілетті. 10 Мах деңгейіндегі жылдамдығы (сағатына шамамен 12 мың километр), жоғары дәлдігі, әсерлі маневр және үлкен қашықтығы "Кинжалды" үлкен кинетикалық энергияның арқасында ядролық қарусыз-ақ жойқын техника етіп тұр.
"Соғыс жағдайында Ресей наурыз айында әуеден ұшырылатын гипердыбыстық зымыранның мүмкіндіктерін алғаш рет көрсетіп, Украинаның батысындағы Украина қарулы күштерінің стратегиялық жерасты арсеналын бір соққымен жойды. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, одан кейін "Кинжалдар" Украинадағы арнайы әскери операция кезінде тағы екі маңызды нысанаға сәтті соққы жасады", - деп жазды Хроленко.
МиГ-31И модификациясының тактика-техникалық сипаттамасы мен ерекшелігі жария етілген жоқ. Бірақ ауыр жойғыш ұшақтың үнемі жетілдіріліп, жауынгерлік қуаты арттырылып жатқаны белгілі.
Жаңа электрониканың интеграциялануы ұшқыштарға өз міндеттерін тиімдірек орындауға мүмкіндік береді - жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану немесе қарсыластың жоғары технологиялық жүйелеріне тойтарыс беру. Military Watch америкалық басылымы МиГ-31И жойғыш ұшағы Жерден 19 километрден астам биіктікте ғарыш кемесін ұшыруға немесе 400 километрге дейінгі қашықтығы бар гипердыбыстық зымырандарды қолдануға арналған деп санайды.
1997 жылдан бастап Микоян атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы МиГ-31 ұшағын пайдалана отырып, Жерге жақын орбитаға ғарыш аппараттарын шығару жүйесін әзірлеумен айналысқаны белгілі. Конструкторлық бюросының МиГ-31Д спутникке қарсы жойғыш ұшағын құрастырудағы тәжірибесі негіз болды. Кейінірек Жерге жақын орбитаға арналған шағын спутниктерді шығару үшін Ресей мен Қазақстан "Есіл" аэроғарыш жүйесін әзірледі. Мәскеу жылу техника институтының МиГ-31И ұшағы мен қатты отынды зымыраны салмағы 160 килограмм жер серігін биіктігі 300 километр орбитаға шығаруы керек еді. Дегенмен, бүгінгі МиГ-31И ескі тәжірибенің қайталау болуы екіталай.
Тіпті жүздеген модернизацияланған МиГ-31БМ жойғыш ұшақтарының қазіргі технологиялық озықтығы МиГ-31М модификациясын жолда қалдырды. Әуе нысаналарын анықтау қашықтығы 320 километрге дейін, жою қашықтығы 280 километрге дейін артты.
Төрт МиГ-31БМ ұшағынан құрылған топ 1000 километрге дейінгі (Мәскеуден Краснодарға дейінгі) әуе кеңістігін қорғауға қабілетті. Жаңа "Заслон-М" қаруды басқару жүйесі МиГ-31БМ ұшағына қарсыластың төмен орбиталық спутниктеріне қарсы дәлдігі жоғары қаруды қолдануға мүмкіндік береді. Кейінірек МиГ-31К модификациялы жойғыш ұшағы пайда болды (жаңа борт жабдығы, ұлғайтылған жанармай қорй, арнайы байланыс аппараты). Ол 9 тонна әскери жүкпен 25 километр биіктікке көтеріліп, 3000 км/сағ жылдамдыққа дейін (2.83 Мах) қозғалысты үдетіп, төрт тонналық "Кинжалды" іске қоса алды.
МиГ-31И модификациясының опциялары әлдеқайда қуатты екені, сондықтан Батыстың НАТО-ны Шығысқа қарай кеңеюін қайта қарастыруға мәжбүрлеп отырғаны белгілі. Қазір Ресей соққы жасау авиациясын соғыста қолдану аясында жаңа технологиялық революция әкелетін алтыншы буынға жататын көпмақсатты жойғыш МиГ-41 ұшағын дайындап жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.