Спорт

Қазақстанның үш боксшысы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2022
Жазылу
Қазақстан орта салмақтағы бокста әлемдік басымдыққа ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) супер орта салмаққа ресми түрде кеткеннен кейін boxrec.com сайты орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
BoxRec ұсынған рейтингтің орта салмақтағы үздік ондығында Қазақстанның бірден үш боксшысы кірді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), жақында ғана WBO чемпионы атағын жеңіп алған Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы МейірімНұрсұлтанов (17-0, 10 КО).
Головкин орта салмақтағы боксшылар тізімінде бірінші орында, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов тоғызыншы орында тұр.
Үздік ондық рейтингінде Қазақстан боксшыларының саны басымдыққа ие екенін айта кету керек.
Басқа мемлекеттерден бұл тізімде тек бір спортшы енген: кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Хайме Мунгия (40-0, 32 КО, Мексика), Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы), Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО, Украина), Майкл Зерафа (30-4, 19 КО, Австралия), Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО, Куба / АҚШ), Винсент Файгенбутц (34-3, 30 КО, Германия).
Жаңалықтар
0