Өңірлер

Орал маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2022
Жазылу
Өткен түні полигондағы өрт салдарынан Орал мен қала маңын жағымсыз иіс басып қалды
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Орал қаласының тұрғындары қала маңындағы қоқыс полигонында тұтанған өрт салдарынан аумақты жайлаған жағымсыз иіс пен түтіннен қалай құтыларын білмей отыр.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт пен оның зардаптарын жоюды жалғастырып жатыр.
Түні бойы қаланы жағымсыз иіс басып қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жағымсыз иіс түн ауатын шаққа қарай сезіле бастаған, деп жазды "Мой город" порталы.
Анықталғандай, Асан ауылының маңындағы ірі көлемді қалдықтарға арналған қоқыс полигонында өрт болған.
"Ресми ақпарат бойынша, белгісіз біреулер түсті металл алу үшін кабельдерді өртеген. Өрт "Жайық Таза Қала" ЖШС карьерінің аумағына өтіп, құрғақ шөптер мен бұталар жанып, тілсіз жау қоқыс аумағына ығысқан. Өрт аумағы болжаммен бір гектарды құрап отыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Орал қаласы әкімдігіндегілер.
Өрт орнында жеке құрамның 3 техникасы мен 12 маман, "Жайық Таза қала" ЖШС-нің 34 техникасы мен 19 қызметкері, төтенше жағдайлар басқармасының бес техникасы, өрт сөндіру қызметінің үш техникасы жұмыс істеп жатыр.
Өртті сөндіруге қосымша күш жұмылдырылғанымен, әзірге өртті оқшаулау мүмкін болмай тұр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0