https://sputnik.kz/20220828/kokshetauda-basyna-temir-kirip-ketken-balany-qutqargan-darigerler-marapattaldy-27112318.html
Көкшетауда басына темір кіріп кеткен баланы құтқарған дәрігерлер марапатталды
Көкшетауда басына темір кіріп кеткен баланы құтқарған дәрігерлер марапатталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Көкшетауда басына үшкір темір кіріп кеткен баланы құтқарып қалған дәрігерлер марапатталды, деп хабарлайды Хабар 24. 28.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-28T10:00+0500
2022-08-28T10:00+0500
2022-08-28T11:04+0500
көкшетау
марапат
https://sputnik.kz/img/627/64/6276437_0:94:1200:769_1920x0_80_0_0_ed48ace8a96e2568917fa85c8f75cc62.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Көкшетауда басына үшкір темір кіріп кеткен баланы құтқарып қалған дәрігерлер марапатталды, деп хабарлайды Хабар 24.Конституция күніне арналған салтанатты жиында оларға облыс әкімі арнайы алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, шара барысында аймақтың дамуына үлес қосқан сан саланың өкілдері сыйға бөленді. Мерекелік жиын алдымен адам жанының арашасы болған дәрігерлерді марапаттаудан басталды. Он жасар баланың ауыр операциясына қатысқан 3 бірдей медицина маманы көпшілік алдында сый-құрметке бөленді. "Бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Біз үшін әр пациенттің өмірі мен денсаулығы өте маңызды әрі аса қымбат. Тек біз емес, барша дәрігерлер қауымы күн сайын қаншама адамды аман алып қалып жатыр", - деді облыстық көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлнәр Жүнісова.Естеріңізге сала кетейік, Шучинскте басына темір қадалып қалған баланы дәрігерлер аман алып қалды.Он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Дәрігерлер тобы жедел түрде ота жасап, темірді алып шықты.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/627/64/6276437_26:0:1175:862_1920x0_80_0_0_a22b67774062877a347aa6a53bcb31c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, марапат
Көкшетауда басына темір кіріп кеткен баланы құтқарған дәрігерлер марапатталды
10:00 28.08.2022 (жаңартылды: 11:04 28.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Көкшетауда басына үшкір темір кіріп кеткен баланы құтқарып қалған дәрігерлер марапатталды, деп хабарлайды
Хабар 24. Конституция күніне арналған салтанатты жиында оларға облыс әкімі арнайы алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, шара барысында аймақтың дамуына үлес қосқан сан саланың өкілдері сыйға бөленді.
Мерекелік жиын алдымен адам жанының арашасы болған дәрігерлерді марапаттаудан басталды.
Он жасар баланың ауыр операциясына қатысқан 3 бірдей медицина маманы көпшілік алдында сый-құрметке бөленді.
"Бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Біз үшін әр пациенттің өмірі мен денсаулығы өте маңызды әрі аса қымбат. Тек біз емес, барша дәрігерлер қауымы күн сайын қаншама адамды аман алып қалып жатыр", - деді облыстық көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлнәр Жүнісова.
Естеріңізге сала кетейік, Шучинскте басына темір қадалып қалған баланы дәрігерлер
аман алып қалды.Он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Дәрігерлер тобы жедел түрде ота жасап, темірді алып шықты.