https://sputnik.kz/20220828/ekibastuz-turgyndary-qarzhy-zhymqyrgan-27115109.html
Екібастұзда дүкен қызметкерлері 25 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған
Екібастұзда дүкен қызметкерлері 25 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған
Sputnik Қазақстан
Дүкен иесі бірнеше ондаған миллион теңгенің талан-тараж болғаны туралы полицияға шағымданған 28.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-28T12:33+0500
2022-08-28T12:33+0500
2022-08-28T13:20+0500
екібастұз
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:262:2730:1798_1920x0_80_0_0_d3ae2efa1f0d4b7d5b62c4e68e271691.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Екібастұзда дүкен директоры болып жұмыс істейтін екі жергілікті тұрғын ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тергеу барысында анықталғандай, Екібастұз қаласының 44 жастағы тұрғыны және онымен бірге тұратын 40 жастағы әйел 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2022 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өз сауда нүктелеріндегі тауарларды жарамсыз деп танып, есептен шығарған және оны басқа дүкендерге қайта сатып жіберген. Осылайша олар 25,5 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп, ысырап еткен. Құқық қорғаушылар "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-тараж ету, яғни жымқыру" бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Бұл әрекеті үшін кінәлілерге 1000 АЕК (3 063 000 теңге немесе 6 419 АҚШ доллары) көлеміндегі айыппұл салынуы, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Талдау көрсеткендей, көп жағдайда мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарды менеджерлер, кассирлер, бухгалтерлер, дүкен сатушылары, экспедиторлар, бағалаушы сарапшылар жасайды. Жалпы, жыл басынан бері облыста бөтеннің мүлкін талан-тараж ету бойынша 42 факті тіркелген. Полиция нысан иелеріне өз кәсіпорындары мен фирмаларында мерзімді түрде инвентаризация мен ревизия жүргізуді, тауар мен материал сақталатын орындарға өткізу жүйесін, бейнекамераларды орнатуды ұсынады.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23932517_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_310b4f746d28d1d5eba3d3b333d67a91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, сыбайлас жемқорлық
екібастұз, сыбайлас жемқорлық
Екібастұзда дүкен қызметкерлері 25 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған
12:33 28.08.2022 (жаңартылды: 13:20 28.08.2022) Дүкен иесі бірнеше ондаған миллион теңгенің талан-тараж болғаны туралы полицияға шағымданған
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Екібастұзда дүкен директоры болып жұмыс істейтін екі жергілікті тұрғын ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысында анықталғандай, Екібастұз қаласының 44 жастағы тұрғыны және онымен бірге тұратын 40 жастағы әйел 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2022 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өз сауда нүктелеріндегі тауарларды жарамсыз деп танып, есептен шығарған және оны басқа дүкендерге қайта сатып жіберген. Осылайша олар 25,5 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп, ысырап еткен.
Құқық қорғаушылар "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-тараж ету, яғни жымқыру" бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Бұл әрекеті үшін кінәлілерге 1000 АЕК (3 063 000 теңге немесе 6 419 АҚШ доллары) көлеміндегі айыппұл салынуы, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Талдау көрсеткендей, көп жағдайда мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарды менеджерлер, кассирлер, бухгалтерлер, дүкен сатушылары, экспедиторлар, бағалаушы сарапшылар жасайды. Жалпы, жыл басынан бері облыста бөтеннің мүлкін талан-тараж ету бойынша 42 факті тіркелген.
Полиция нысан иелеріне өз кәсіпорындары мен фирмаларында мерзімді түрде инвентаризация мен ревизия жүргізуді, тауар мен материал сақталатын орындарға өткізу жүйесін, бейнекамераларды орнатуды ұсынады.