https://sputnik.kz/20220827/zhetisay-bazaryn-ort-kasipkerler-27081958.html
Жетісай базарында өрт: кәсіпкерлер шығындарын өтеп беруді талап етті
Жетісай базарында өрт: кәсіпкерлер шығындарын өтеп беруді талап етті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жетісайда базар өртінің салдарынан 450-ден астам кәсіпкерге шығын келді, деп хабарлайды Астана тв. 27.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-27T07:04+0500
2022-08-27T07:04+0500
2022-08-27T07:04+0500
өрт
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25908263_0:119:1280:839_1920x0_80_0_0_9a258222ae275c13670b79e996af39db.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жетісайда базар өртінің салдарынан 450-ден астам кәсіпкерге шығын келді, деп хабарлайды Астана тв.Куәгерлердің айтуынша, базардың сексен пайызы күлге айналған. Негізгі ошақ маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумақ. Қыруар шығынға батқан саудагерлер, базар әкімшілігінің алдына жиналып, келтірілген шығынды өтеп беруді талап етті. Бір түнде барымыздан айрылдық дегендер шығындарын кім өндіріп беретінін білмей дал. Күйінген жұртты облыс мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев сабырға шақырды. "Барлығын санаймыз. Сабыр сақтайық. Барлығы орнынына келеді. Кімге қандай зиян келді, қор құрып барлығын орынына келтіреміз. Қазір мына жерде базардың иесімен де сөйлесеміз", - деді ол.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 900 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан 450-ден астам сауда нүктесі өртеніп кеткен. Екі азамат ауруханаға түскен. Полицияға 600-ге жуық адам арызданған. Қазіргі таңда жедел тергеу тобының қызметкерлерімен шығынның көлемі анықталу үстінде жұмыстар атқарылуда. Ресми ақпараттарға сенсек, жауаптылар болған оқиғаға байланысты арнайы қор құрылатынын хабарлады. Сондай-ақ жеңілдетілген несие алуға жәрдем көрсетуге уәде берілді. Базар басшылығы өрт шыққан "Күлпаршын" базарының зардап шеккен саудагерлеріне 1 жылға салық төлеуден босатты.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/03/25908263_2:0:1279:958_1920x0_80_0_0_2bb142edf51ca46547992717bad19ac8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, түркістан облысы
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жетісайда базар өртінің салдарынан 450-ден астам кәсіпкерге шығын келді, деп хабарлайды
Астана тв. Куәгерлердің айтуынша, базардың сексен пайызы күлге айналған. Негізгі ошақ маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумақ. Қыруар шығынға батқан саудагерлер, базар әкімшілігінің алдына жиналып, келтірілген шығынды өтеп беруді талап етті.
Бір түнде барымыздан айрылдық дегендер шығындарын кім өндіріп беретінін білмей дал. Күйінген жұртты облыс мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев сабырға шақырды.
"Барлығын санаймыз. Сабыр сақтайық. Барлығы орнынына келеді. Кімге қандай зиян келді, қор құрып барлығын орынына келтіреміз. Қазір мына жерде базардың иесімен де сөйлесеміз", - деді ол.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 900 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан 450-ден астам сауда нүктесі өртеніп кеткен. Екі азамат ауруханаға түскен. Полицияға 600-ге жуық адам арызданған.
Қазіргі таңда жедел тергеу тобының қызметкерлерімен шығынның көлемі анықталу үстінде жұмыстар атқарылуда.
Ресми ақпараттарға сенсек, жауаптылар болған оқиғаға байланысты арнайы қор құрылатынын хабарлады. Сондай-ақ жеңілдетілген несие алуға жәрдем көрсетуге уәде берілді. Базар басшылығы өрт шыққан "Күлпаршын" базарының зардап шеккен саудагерлеріне 1 жылға салық төлеуден босатты.