Солтүстік Қазақстанда 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
26 тамызд облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды.
Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.
Тәртіп сақшылары жас балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салды.
Жаңалықтар
0